Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

3 жылда жылдық қуаты 191 мың тонна болатын 11 құс фабрикасы салынады

2021 жылдың 2 наурыз 2021 09:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы үш жылда жалпы қуаты 191 мың тонна болатын 11 құс фабрикасын пайдалануға беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір өзімізде өндірілетін құс етінің көлемі ішкі нарық қажеттілігінің 58 пайызын ғана жабады. Толықтай молықтыру үшін құс етін өндіру қуатын қосымша 171 мың тоннаға арттыру қажет. Өткен жылдың өзінде қуаты 94 мың тонна болатын 8 құс фабрикасы іске қосылды. Алдағы үш жылда жалпы қуаты 191 мың тонна болатын 11 құс фабрикасын пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл жобаларды үш жыл ішінде іске қосу құс еті бойынша қажеттілікті толық көлемде өтеуге мүмкіндік береді», - деді агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы баяндаған министр.

Сонымен қатар ол ішкі нарық отанымызда өндірілетін шұжық өнімімен 62 пайызға қамтамасыз етілгенін айтты.

«Толықтай молықтыру қуаты 77,8 мың тонна болатын 6 ет комбинатын іске қосу есебінен, сондай-ақ айналым мақсаттарына арналған қаржыландыру және фермерлерді малды союға, өткізуге ынталандыру есебінен қамтамасыз етілетін болады»,- деді Сапархан Омаров.


Жоғары қарай