Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

3 жасар қыз базарда адасып кеткен – Түркістан облысы

2020 жылдың 28 мамыр 2020 10:34

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Cарыағаш базарында жалғыз өзі адасып қалған үш жасар қыз табылды, деп хабардайды ҚазАқпарат ПД сілтеме жасап.

«27 мамырда сағат 10.30 шамасында базардан полиция лейтенанты Майра Елемесова жалғыз өзі адасып, жылап жүрген кішкентай қызды байқаған. Шұғыл іс-шаралар нәтижесінде, адасқан қыз анасына тапсырылды», делінген хабарламада.

Көп балалы ананың айтуынша, ол банкоматтан ақша алу үшін балаларымен бірге базарға келген. Әйел кішкентайын үлкен балаларына тапсырып кетеді, бірақ қайтып келгенінде кішкентай қызы жоқ екенін көреді. Содан әйел жоғалып кеткен қызды базардан оған жақын көшелерден іздей бастайды.

Полицейлер табылған баланы анасына тапсырды.


Басты сөздер: Түркістан облысы, Оқиға,
Жоғары қарай