Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

3 тамыз. Туған күн иелері

2020 жылдың 3 тамыз 2020 08:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 3 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




45 жыл бұрын (1974) саяси және қоғам қайраткері, саясаткер, публицист, баспагер Досым Асылбекұлы СӘТПАЕВ дүниеге келді.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін саясаттанушы, саясаттану оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: «Саясаттану зерттеулерінің орталығы» үкіметтік емес студенттер ұйымының вице-президенті (1993-1996); «Деловая неделя» газетінде саяси шолушы (1995-1997); Қазақстан даму институты саяси зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері, «Саясат» ғылыми-сараптамалық журналының жауапты редакторы (1997-2000); «Новое поколение» газетінде саяси шолушы (1998-2005); Британ институтының Қазақстандағы өкілдігінің директоры (2000-2003); Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігі директорының орынбасары (2000-2002); Қоғамдық мәселелерді талдау орталығының жалпы мәселелер жөніндегі директоры (2001-2002); «Сорос-Қазақстан» қоры басқарма мүшесі (2005-2010). «Тәуекелдерді бағалау тобы» сараптамалық, консалтингтік ұйымының (KRAG) құрылтайшысы және директоры (2002 жылдан бастап).




40 жыл бұрын (1980) Түркістан облысы Арыс қаласының әкімі Мұрат Болатұлы ҚАДЫРБЕК дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша,ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2002-2004 жылдары – Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының прокуратурасының бөлім прокуроры. 2004-2008 жылдары – Қазыбек би ауданы прокурорының көмекшісі, Шығыс-Қазақстан облысы №2 Тарбағатай аудандық сотының судьясы. 2008-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде бюджеттік жоспарлау, қаржы-экономикалық қамтамасыз ету және мемлекеттік активтерді басқару, экономика және қаржы департаменттері директорының орынбасары, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары. 2011-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Солтүстік-Қазақстан және Маңғыстау облысы бойынша департаменттерінің басшысы - тәртіптік кеңес төрағасы.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап қыркүйек айына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы – әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметінде 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай