Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

3 наурыз. Туған күн иелері

2019 жылдың 3 наурыз 2019 08:08

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 3 наурызда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.




null
ЕСІМДЕР

63 жыл бұрын (1956) VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Василий Иванович ОЛЕЙНИК дүниеге келді.

Молдавия КСР Бельцы қаласында туған. 1980 жылы Ф.Дзержинский атындағы Харьков заң институтын бітірген, аға әділет кеңесшісі.

1980-1985 жылдары - Молдавия КСР Рышкан ауданының прокуратурасының қызметкері. 1985-1987 жылдары - Украина КСР Донецк облысының прокуратурасының қызметкері. 1987-2001 жылдары - Семей қаласындағы Калинин, Ленин аудандарының, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының, Алматы қаласының прокуратураларында, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкері. 2001-2002 жылдары - Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары. 2002-2005 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары. 2005-2006 жылдары - Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары. 2006-2010 жылдары - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі департаментінің Басқарма бастығы, жоғарыда аталған департамент бастығының орынбасары, Қылмыстық процестің заңдылығын қадағалау жөніндегі департаментінің басқарма бастығы. 2010 жылы - Шығыс Қазақстан облысы прокурорының табиғатты қорғау заңнамасын қолданудың заңдылығын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі. 2010-2012 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі басқармасының бастығы. 2012-2015 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап - VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының мүшесі.

Наградалары: ІІ дәрежелі «Айбын» ордені (2015), «Ерен еңбегі үшін» медалі (2008), «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2005), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі (2001), «Прокуратура ардагері» медалі (2011), «Қазақстан Республиқасының прокуратурасына 20 жыл» мерейтойлық медалі, I, II және III дәрежелі «Міңсіз қызметі үшін» медалі, «Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына 75 жыл» медалі.


59 жыл бұрын (1960) «Сырбар» ҚР Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары Исатай Бақтиярұлы САРТАЕВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған. 2009-2015 жылдары «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары, 2015-2018 жылдары «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары, 2018-2019 жылдары «Сырбар» ҚР Сыртқы барлау қызметінің директоры.

Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың ақпанынан.

55 жыл бұрын (1964) қазақстандық тарихшы, саясаттанушы, шығыстанушы Сұлтан Мағрұпұлы ӘКІМБЕКОВ дүниеге келді.

1987 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

КСРО ҒА Әлеуметтану институтының іс-тәжрибелік-зерттеушісі (1987-1989), Ресей ғылым академиясының әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының аспиранты (1989-1992), «Панорама» газетінің саяси шолушысы, «Бизнес апталығы» (1996-1997), «Қазақстан» ақпараттық-талдау орталығының басшысы (1997-1998), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының меңгерушісі (1998-2000); «Континент» журналының бас редакторының орынбасары (1999-2001), Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі (2006 жылдан), «Континент» журналының бас редакторы (2009 жылдан - «Азия орталығы»), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры (2010-2011), 2011 жылдан Саяси талдау орталығының директоры, 2012 жылдан Азиядағы зерттеулер институтының директоры, 2013-2017 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры болған.

54 жыл бұрын (1965) Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Жаманқұлұлы ШАЙДАРОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған. 1990 жылы инженер-құрылысшы біліктілігі бойынша Қарағанды политехникалық институтын бітірді. 2001 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде экономист біліктілігін алды.

1990-1991 жылдары - «Жезқазғанмелиорация» өндірістік құрылыс-пайдалану бірлестігінің өндірістік-технологиялық жинақтау басқармасының инженері, бөлім бастығы. 1991-1992 жылдары - Жаңаарқа ауданы Атасу кентінің «Иртышканалстрой» тресінің өндірістік-технологиялық жинақтау басқармасының бас инженері, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, трест басқарушысының орынбасары. 1992-1994 жылдары - Жаңаарқа ауданы Атасу кентінің «УПТК» ұжымдық кәсіпорнының төрағасы. 1994-1996 жылдары - Жаңаарқа аудандық әкімшілік басшысының орынбасары. 1996-1997 жылдары - Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары. 1997-2007 жылдары - Жаңаарқа ауданының әкімі. 2007-2011 жылдары - Нұра ауданының әкімі. 2011-2013 жылдары - Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы. 2013-2014 жылдары - Жезқазған қаласының әкімі. 2014-2017 жылдары - Абай ауданының әкімі. 2017 жылғы маусымнан бастап - Қарағанды облысы әкімінің АӨК және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. «Құрмет» Орденімен марапатталған.

43 жыл бұрын (1976) «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ атқарушы директоры - «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Арман Тұрлыханұлы СҰЛТАНОВ дүниеге келді.

1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің физика факультетін; 2008-2010 жылдары Қазақ жол қатынастары университеті, экономика факультетін; 2014-2016 жылдары Қазақ Көлік және коммуникация академиясы АҚ, логистика факультетін; 2016 жылы Cambridge International Centre (Great Britain) бітірді.

1999-2000 жылдары- «AES-MARCHE» ЖШС жалпы мәселелер жөніндегі менеджер, директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, 2000-2001 жылдары- «Астанаэнергосервис» ААҚ маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы, 2001-2002 жылдары - «Казахойл продактс» АҚ Астана филиалы, мұнай өнімдерін іске асыру маркетингі жөніндегі менеджері, 2002-2008 жылдары - «Казтранссервис» АҚ маркетинг бөлімінің сарапшысы, даму және маркетинг бөлімінің бастығы, көлік-экспедициялық қызмет көрсету басқармасының бастығы, маркетинг және сату басқармасының бастығы, атқарушы директор, 2008-2010 жылдары - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Тасымалдар маркетингі департаментінің директоры, 2010-2012 жылдары - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жолаушылар тасымалы жөніндегі басқарушы директор, 2012-2014 жылдары - «Казтранссервис» АҚ Президенті, 2015-2016 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ логистика жөніндегі басқарушы директоры, 2016 жылғы желтоқсан мен 2017 жылғы қараша аралығында - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ даму жөніндегі вице-президенті болған. 2017 жылғы қарашадан бастап қазіргі қызметінде.

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай