Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

3 мыңға жуық астаналық жас спортпен тегін айналысуда

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 18:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында 3 мыңға жуық жас түрлі спорттық секциялар мен үйірмелерге тегін қатысып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Астана жастары» орталығы басшысының орынбасары Аян Ерментаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің орталыққа жастар түрлі мәселелер бойынша жүгінеді. Соның бірі спорттық секциялар мен үйірмелер. Спортпен айналысамын деген жастарға бүгінде елордада «Аула клубтары» деген жоба бар. Оның аясында қазіргі 3 мыңға жуық жас спортпен тегін айналысып жатыр. Оның қатарында бокс, футбол, каратэ және тағы басқа спорт түрлері бар. Одан бөлек, біздің орталық мамандары жастарға заңгерлік және психологиялық көмек, қолдау көрсетеді. Аталған қызметтер бойынша жастарға қолдау көрсету тегін және ол онлайн, оффлайн форматта жүреді. Одан бөлек, біз орталық қаладағы барлық арнау орта білім береу және жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста. Осы орайда біз талапкерлерге оқу орнына түсу бойынша да тиісті кеңес бере аламыз», - деді А. Ерментаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл жыл соңына дейін елордада жастарға арналған 3 орталық іске қосылады.

Одан бөлек, «Астана жастары» орталығының өкілі Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет ашылған жастарға арналған қызмет көрсету орталығының жұмысымен таныстырған еді.




Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Жастар, Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай