Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

3 қалада ауа сапасы нашарлайды

2021 жылдың 22 ақпан 2021 07:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 22 ақпан күнгі ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, қолайсыз метеорологиялық жағдай Павлодар, Қызылорда, түнде Нұр-Сұлтан қалаларында болады.

Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Басты сөздер: Қазгидромет, Экология,
Жоғары қарай