Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

29 маусым. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылдың 29 маусым 2020 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 29 маусымға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық тропика күні

Бұл күнді тропикалық аумақтарда кездесетін қиындықтардың барлық деңгейлерінде және Бейбітшілік аймағына әсер ететін проблемалардың ұзаққа созылған салдарларымен танысу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы құрған. Сонымен қатар, ол тропикалық елдердің тұрақты дамуы мақсаттары мен бағыттарына жетуінде маңызды рөлді айқындауға бағытталған.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1964 жылы «Мақат - Ақтау» темір жолының құрылысы аяқталды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Шри-Ланка Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Гвинея Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы нота алмастырылды.

1998 жылы Тараз мемлекеттік университетінде XVI ғасырда өмір сүрген белгілі тарихшы, әдебиетші, философ, «Тарихи Рашидидің» авторы Мұхамед Хайдар Дулатиге мүсінтас қойылды.

2001 жылы ҚР Президентінің «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Жарлығы шықты.

2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың болашақ мешіті құрылысының орнына ескерткіш капсуласын орналастырды және оны «Әзірет Сұлтан» деп атады.
Мешіттің сәулет жобасының бәйгесіне 26 жұмыс түскен. Соның ең үздігі болып «KAZGOR» жобалау академиясы таңдалған.

2010 жылы Маңғыстау облысындағы Баутино портында республикадағы жалғыз кеме жөндейтін зауыт іске қосылды.

2011 жылы Қазақстанда еліміздің Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуіне арналған номиналы 1000 теңге болатын естелік банкноттар шығарылды. Банкноттың алдыңғы жағында «Ислам Конференциясы» Ұйымының логотипі және Қазақстанның Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күмбезі бейнеленген. Келесі жағында кесененің жалпы көрінісі орналастырылған.

2015 жылы Татарстан Республикасындағы қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы С.Жақсыбаевтың өтінішхаты мен Қазанның муниципиалдық топонимика жөніндегі комиссиясының ұсынымдарына сүйене отырып, қала әкімдігі Вахитовский және Приволжский аудандарының аумағындағы Эсперанто көшесін Нұрсұлтан Назарбаевтың атына өзгертті. Көшедегі мекенжайдың нөмірлері сол күйі сақталып қалды.

2017 жылы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының жаңа терминалындағы VIP-лаундж өз жұмысын бастады. Онда жолаушыларға үлкен кеңістік, түрлі жеңіл тамақтары бар фуршеттік үстел және басқа қосымша сервистер ұсынылады.

Бизнес лаундж халықаралық терминалдың үш қабатында орналасқан, ауданы 1250 шаршы метрді құрайды. Бұл көптеген қонақтарды жайғастыруға мүмкіндік береді. Онда компьютерлері бар жұмыс орны, келіссөздер жүргізуге арналған арнайы бөлме, душ бөлмелері, сонымен қатар рейстерді күту барысында уақыт өткізу үшін демалуға жайлы орындар бар. Бұдан басқа, жолаушыларға тәулік уақытына байланысты түрлі тағамдар (таңғы, түскі және кешкі ас) мен сусындар ұсынылатын болады.

2018 жылы Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында домбыраға арналған ескерткіш қойылды. Ескерткіштің биіктігі – 7 метр, ұзындығы – 3 метр. Авторы жас мүсінші – Нұрбол Қалиев.

Аудан әкімі Нұрлан Сыдықов салтанатты шарада сөз сөйлеп, ескерткіштің ұлттық мұраны жаңғыртып, төл өнеріміздің насихатталынуына бар күшін салатынын айтты.

2018 жылы Женевада (Швейцария) Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ядролық зерттеулер жөніндегі еуропалық ұйымның (CERN) ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды. Қазақстанның CERN шеңберінде ғылыми ынтымақтастығы біздің еліміздің әлемдік қоғамдастықта оң имиджін ұстап тұру үшін үлкен маңызға ие, бұл елдің ғылыми және инновациялық әлеуетін дамытуға әсер ететінін атап өту керек.

Өзара ынтымақтастықты нығайту жөніндегі келісім қолданыстағы келісімді нығайтып, ғалымдардың, инженерлердің, студенттер мен техникалық мамандардың Қазақстаннан CERN зерттеу жобаларына ұзақ мерзімді негізде қатысуына мүмкіндік беретін базаны құру мақсатын көздеді.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай