Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

28 сәуірде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 27 сәуір 2021 20:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 28 сәуірде елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады және http://www.parlam.kz/ ресми сайтында көрсетіледі.

10.00-де Astana IT University-де Смарт инновациялық жүйелер мен технологиялар жөнінде IEEE 2021 халықаралық конференциясы өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «2021 – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында «Кітап кеңістігі: автор, баспагер, жас оқырман» атты халықаралық онлайн конференция өтеді.

11.00-де Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан мен Орталық Азия бойынша алғашқы 7M03107 – «Этносаясат» магистранттарын даярлайтын екі жылдық білім беру бағдарламасының ашылу рәсімі өтеді.

15.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтеді.

15.00-де Елбасы кітапханасында Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған «Ел үмітін ер ақтар» кездесуі өтеді.

16.00-де Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік бойынша тұрақты комиссиясы «Zооm» бейнебайланысы арқылы отырыс өткізеді.

АЛМАТЫ

11.00-де Қазақстан Баспасөз клубында «Қазақстандағы миноритарлық акционерлер құқықтарының бұзылуы» тақырыбында онлайн баспасөз мәслихаты өтеді.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай