Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

28 қазан. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

2021 жылдың 28 қазан 2021 06:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 28 қазанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Республикамыздың басым бөлігі жоғары қысым алқабып әсерінде болуына байланысты, көбіне жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығыс және шығысынада фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, жауын-шашын, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Ақмола облысының солтүстік және батысында, Түркістан облысының тау асуларында, күндіз Қостанай облысының батыс және солтүстік-батысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Атырау облысының батысында, орталық және шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Қарағанды облысының орталығы мен шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.

Солтүстік-Казақстан облысының оңтүстік және батысында – тұман күтіледі, түнде оңтүстік-батысында желдің күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай