Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

28 ақпан. Туған күн иелері

2021 жылдың 28 ақпан 2021 08:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 28 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




175 жыл бұрын (1846-1945) ақын, жырау, жыршы Жамбыл ЖАБАЕВ дүниеге келген.

Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде туған. Жасынан өлең-жырға қанып өскен, өз анасы Ұлданның ақындық талантын бойына сіңірген, «Менің пірім - Сүйінбай...» деп Жамбылдың өзі жырға қосқандай, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алған. Жамбыл 1919 жылы Жетісу халық ақындары бас қосқан слетке қатысты. 1934 жылы республикалық өнер шеберлерінің тұңғыш слетінде жыр толғап, тағы бір көзге түсті. «Замана ағымы», «Белсенділерге», «Қазақстан тойына», «Жастар алдындағы сөз» сияқты арнау, толғаулары осы тұста жырланды. Оның үздік шығармалары 40-тан астам шет елдер тілдеріне аударылды. Ұлы жырау қазақ халқын, оның поэзиясын бүкіл әлемге жария етті. 1938 жылы Жамбылдың шығармашылық өнерінің 75 жылдығын тойлағанда, оған әлемнің әр түкпірінен құттықтаулар келді. Ромен Роллан, Мартин Андерсен, Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды. ХХ ғасырдағы халық ақындарына Жамбылдың әсері өте зор болды. Бұл қатарда Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Әбдіғали Сариев, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев, Саяділ Керімбеков, Орынбай Тайманов сияқты белгілі импровизаторлар бар. 1941 жылы Сталиндік (кейін КСРО Мемлекеттік) сыйлығының лауреаты атанған. І сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болды. Жамбылдың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше аудандарға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына, мектептерге, көшелерге берілген. Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық, 160 жылдық тойларын халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтті.

Биыл Қазақстан халқы Жамбылдың 175 жылдық меерйтойын кең ауқымда атап өтеді. Мерейтойлық іс-шаралардың жалпыреспубликалық жоспарына сәйкес, биыл республика бойынша 500-ге жуық әлеуметтік, имидждік, ғылыми, танымдық іс-шаралар өткізіледі. Бұдан бөлек, ақын өмірінен деректі фильм түсіру, өлеңдерінің жаңа жинақтарын шығару, айтыстар мен әдеби конкурстарды, кітап көрмелерін ұйымдастыру, мерейтойлық монета, пошта маркасын әзірлеу және басқа да шаралар өткізу көзделіп отыр.




57 жыл бұрын (1964 ) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары Берік Ноғайұлы АСЫЛОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында туған.

1991-1992 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының тағылымдамашысы, 1992 жылдың 17 наурызында Алатау аудан прокурасының аға тергеушісі қызметін атқарған. 1993 жылы Бас прокуратура тергеушісі, аға тергеушісі, 1995-1996 жылдар аралығында Алматы әуе көлік прокурорының орынбасары болды. 1996 жылдың сәуірі мен желтоқсаны аралығында Мемлекеттік тергеу комитеті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігінің әскери барлау қызметінде, Президент күзеті қызмет органдарында жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша бөлім бастығы лауазымында қызмет атқарды. 1996 жылдың желтоқсан айында ҚР Бас прокуратурасының жедел- іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша бөлімінің аға прокуроры болып тағайындалды. Сол жылы аталған бөлімнің бастығы лауазымына ұсынылып, онда 2001 жылға дейін қызмет етті. 2001 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың сәуіріне дейін Шымкент қаласының прокуроры, 2003-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, 2005-2006 жылдары облыс прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2006-2008 жылдары Батыс аймақтық көлік прокуроры, 2008 жылдың наурызынан 2010 жылдың маусымына дейін Ақтөбе облысының прокуроры болды. 2010 жылдың маусым айынан 2011 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары. 2011-2017 жылдары - Алматы қаласының Бас прокуроры. 2017-2019 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен және «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен марапатталған. 2011 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 3 дәрежелі «Мемлекеттік әділет кеңесшісі» шеніне ие болды.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың наурыз айынан бастап.




46 жыл бұрын (1975) Қостанай облысының прокуроры Тимур Қайырбекұлы СҮЛЕЙМЕНОВ дүниеге келді.

Ресей Федерациясының Новосібір облысында Куйбышев қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласы Алмалы аудандық прокуратурасында Құқықтық статистика және ақпарат орталығында прокурор көмекшісі болып бастаған. 2008-2013 жылдары Алмалы ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қалалық прокуратурасында Жедел-іздестіру, тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау жөніндегі басқармасының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2013 жылдың қазан айынан 2017 жылдың тамызына шейін Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары болды.

Қазіргі қызметіне 2017 жылдың тамыз айында тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.




41 жыл бұрын (29 ақпан) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Айбек Минаимбекұлы ПАЯЕВ дүниеге келді.

Жизақ облысында (Өзбекстан Республикасы) туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетінің (2002), «Қайнар» университетін бітірген.

Еңбек жолы: 2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттің, келісімшарттардың мүліктік құқығын қорғау және шағымдану-қуыным жұмыстары басқармасы Келісімшарттар және шағымдану-қуыным жұмыстары бөлімінің жетекші маманы міндетін атқарушы, жетекші маман. 2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Заң басқармасының нормативті құқықтық актілер жобасын сараптау және құқықтық талдау бөлімінің жетекші маманы.

2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Заң басқармасының құқықтық мәселелерді түсіндіру, келісім шарттарды сараптау және талдау жұмыстары бөлімінің бас маманы. 2006-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Акциздерді әкімшілендіру, Жанама салықтар басқармаларының бас маманы, бастығы. 2011-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Ақмола облысы бойынша Салық департаментінің бастығының орынбасары. 2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің басшысы. 2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2017-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2020-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2021 жылғы қаңтардан бастап – VІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, «Қазақстан халық партиясының» партиялық тізімі бойынша сайланған.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) мерейтойлық медальдармен, «Салық қызметінің үздігі» (2014), «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» (2014), «Қаржы қызметінің үздігі» (2016), «Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына 20 жыл» (2017), «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздіқ комитетіне 25 жыл» 2017), «Қазақстан Республикасың полициясына 25 жыл» (2017), «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгілерімен марапатталған.




38 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қалдыбайұлы ҚАЗАНБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 2006 жылы Алматы технологиялық университетін, 2008 жылы Абердин университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Экспресс Банк» АҚ-ында комплаенс-бақылаушы болып бастаған. 2008-2010 жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 2010-2012 — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Инвестициялық саясат басқармасының сарапшысының м.а., сарапшы. 2012-2013 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау басқармасының бастығы. 2013 жылы — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті Мемлекет міндеттемелерін басқарармасының саясат басқармасының басшысы. 2013-2016 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары, Астана қ. 2016-2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры. 2019-2020 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2020 жылғы желтоқсаннан бері.


Басты сөздер: Қоғам, Күнтізбе,
Жоғары қарай