Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

27 тамызда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

2021 жылдың 26 тамыз 2021 21:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 27 тамызда елімізде өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 11:00-де «Интернет дәуірі: Заң үстемдігі, адам құндылығы, мемлекеттік тәуелсіздік» тақырыбында халықаралық симпозиум өтеді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Конституция күніне арналған форум онлайн режимде ұйымдастырылады.

Дәл осы уақытта Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі «Астана жастары» мекемесінің волонтерлері «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын бастайды.

Ал сағат 12:00-де «Мәңгілік ел» триумфальді аркасының сурет галереясында «Далаға деген сүйіспеншілікпен» деп аталатын көрменің ашылуы өтеді. Көрмеде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кескіндеме академигі Виктор Поликарповтың туындылары келушілердің назарына ұсынылады.

Сағат 12:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздегі дін саласындағы жалпы ахуалға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сонымен қатар сағат 14:00-де Қазақстан Ұлттық музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Өнерге жанасу» музей жобасын өткізу жоспарланған.

Сағат 14-30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Антиконтрафакт-2021» IX халықаралық форумының қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты болады.

15:00-де Қазақстан Ұлттық музейінде «Nur Otan» партиясы әлеуметтік қабылдауының фронт-кеңсесі мен «Adaldyq alańy» жобалыө кеңсесінің ашылу рәсімі өтеді.

Сағат 16:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа оқу жылының басталуына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Іс-шара барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрлері Қуаныш Ерғалиев пен Шолпан Каринова және ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы білім беру бағдарламаларының жетекшісі Татьяна Адерихина негізгі баяндама жасап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап береді.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай