Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

27 қарашада елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2020 жылдың 26 қараша 2020 21:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 27 қарашада елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Ақмола облысы бойынша филиалы қайта өңдеу саласы мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізеді.

11.00-де IX Азаматтық форумның пленарлық отырысы өтеді.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы онлайн режимде өтеді.

11.15-те ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Junior Eurovision 2020 («Балалар Евровидениесі») байқауының финалына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Оған «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев, «Балалар Евровидениесі» байқауында Қазақстанды таныстыратын өкіл Қарақат Башанова, Қ.Башанованың әнін жазған композитор Хамит Шанғалиев қатысады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдің дамуы туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.

13.00-де Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі мен Медицина мектебі «Қазақстандық мәнмәтінде аутизмді түсіну» атты онлайн семинар өткізеді.

15.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Бірінде бірінші тұлға жөнінде» мәдени-танымдық жобасы ашылады.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова Елдегі эпидемиологиялық жағдай және КВИ-мен күрес шаралары туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай