Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

26 мамыр. Туған күн иелері

2020 жылдың 26 мамыр 2020 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 26 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




44 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің хатшысы Ерлан Тынымбайұлы ҚАРИН дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында туған. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. 1998 жылдан 2000 жылға дейін Қазақстан даму институтының Саяси зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер болып еңбек етті. 2000-2003 жылдары Орталық Азия саяси зерттеу агенттігінің директоры, 2004-2006 жылдары терроризмге қарсы орталық бағдарламасының директоры қызметін атқарды. 2006-2008 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болды. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2008-2013 жылдары «Нұр Отан» партиясының хатшысы болды. 2014-2017 жылдары Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының басшысы. 2017-2019 жылдары «Қазақстан» РТРК Басқарма төрағасы. Қазіргі қызметінде 2019 жылдың сәуір айынан бері.

«Құрмет» орденімен марапатталған.




45 жыл бұрын (1975) ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты басшысының орынбасары Жанар Рүстемқызы БЕКБАНОВА дүниеге келген.

Ол Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы мамандығымен; Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Еңбек жолы: «Қазақстан» РТРК Қарағанды облыстық филиалында режиссер ассистенті, тілші, репортер, редактор-тілші, редактор (1996-2006); Қарағанды облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің бас маманы, жетекшісі (2006-2009); «Нұр Отан» ҰДП төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі (2009-2010); «Нұр Отан» ҰДП орталық аппараты баспасөз қызметінің басшысы (2010-2012); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппараты басшысының орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (2012-2014); Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары (2014-2016).

Қазіргі лауазымын 2018 жылдың қаңтарынан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен, бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталған.




44 жыл бұрын (1976) Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Бақтыбайұлы ТАУБАЕВ дүниеге келді.

Атырау қаласында туған. Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтын тау-кен геология инженері, Қазақстандық экономика және құқық институтын заңгер, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Атырау қаласында «Экспресс-Юг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары қызметінен бастаған. 1998-2000 жылдар аралығында «Денсаулық» және «Ислам» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің директоры болған. 2000-2006 жылдары Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашлығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бастығы, 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы басқармасының басшысы, 2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының басшысы, 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясының басшысы, 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің стратегиялық талдау басқармасының бас сарапшысы, 2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, 2018-2019 жылы Атырау қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

Қазіргі қызметінде 2020 жылдың мамыр айынан бастап.


Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай