Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

26 қарашада елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 25 қараша 2021 22:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 26 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.30 -да Hilton Garden Inn Astana қонақ үйінде америкалық заңгерлер қауымдастығының құқық үстемдігі бағдарламасы (ABA ROLI), халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығы (CIPE) және «Ортақ мүдделерді іздеу» ҚБ (Search) «Орталық Азия елдеріндегі әйелдер кәсіпкерлігі» өңірлік бағдарламасының тұсаукесерін өткізеді. Zoom сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/83961048216?pwd=Yks3OUJVVEVhVXRDTVp4dTF4YUxZZz09.

10.00-де Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік қызметін кәсібилендіру: саясат, практика және сын-қатерлер» халықаралық конференциясы өтеді.

10.00-де Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер алаңында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арнап «Нұр-Сұлтан – Орал» марафоны өткізіледі. Марафон ҚР Президент Әкімшілігі мен Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт министрліктері мен Нұр-Сұлтан және облыс әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырылды.

12.00-де Abu Dhabi Plaza сауда орталығында Біріккен Араб Әмірліктерінің 50 жылдығы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған мәдени шара өтеді.

12.00-де «Самұрық-Қазына» қорындағы инновациялық даму туралы брифинг өтеді. Трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/user/SKazyna.

15.40-та «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордада 2004-2005 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан ашық халықаралық турнир өтеді.

15.45-те «Астана Балет» театрында жаңа маусымның премьераларына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының жолдауы аясында Ақмола облысының дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев. Трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

17.00-де «Астана Опера» сахнасында театр солисі Мария Мудряктың қатысуымен өтетін баспасөз сұхбаты өтеді.

19.30-да «Қазақстан» орталық концерт залында «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблі Тәуелсіздік күніне орай жаңа концерт ұсынады.


Жоғары қарай