Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

26 қараша. Туған күн иелері

2020 жылдың 26 қараша 2020 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 26 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.


ЕСІМДЕР




63 жыл бұрын (1957) Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы CӘЛІМОВ дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында туған.

1981 жылы Қазақ саяси техникалық институтын тау инженер-маркшейдері мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік құқықтық академиясын заңгер мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын ШҚО Глубокое ауданы Ертіс полиметалл комбинатының Березовский кен орнында шахтының жерасты тау шебері болып бастады. 1994-1996 жылдары - ШҚО Глубокое әкімдігі басшысының бірінші орынбасары. 1996-1997 жылдары - Глубокое ауданы «Ертіс полиметалл комбинаты» акционерлік қоғамының сенімді басқарушысы. 1997-1999 жылдары - Глубокое ауданы әкімінің орынбасары. 1999-2000 жылдары - Глубокое ауданы «Ертіс мыс балқыту зауыты» ЖШС, «Тау-кен байыту комбинаты» ЖШС конкурстық басқарушысы. 2001-2008 жылдары - Глубокое ауданы әкімінің орынбасары. 2008-2009 жылдары - ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы. 2009 жылдың шілдесінен 2009 жылдың қарашасына дейін ШҚО Риддер қаласының әкімі. 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2010-2015 жылдары Зырян ауданының әкімі. Қазіргі қызметінде 2015 жылдан.




60 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бауыржан Әлімұлы МҰХАМЕДЖАНОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысының Меркі ауданында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) бітірген.

1983-1990 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы. 1990-1994 жылдары - Жоғарғы Кеңес Төрағасының аға консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, хатшылық меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің заң және құқықтық сараптау бөлімінің меңгерушісі. 1994-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президент аппаратының заң шығару бастамасы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігі заңнама және құқықтық сараптау бөлімінің меңгерушісі, ҚР Жоғарғы сот кеңесінің хатшысы. ҚР Жоғары тәртіптік кеңесінің мүшесі, ҚР Президент Әкімшілігінің заң және сот-құқықтық жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімнің меңгерушісі. 1997-2000 жылдары - ҚР Әділет министрі. 2000-2002 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2002-2003 жылдары - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 2003-2005 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2005-2009 жылдары - ҚР Ішкі істер министрі қызметтерін атқарған. 2009 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. 2011-2013 жылдары - Маңғыстау облысының әкімі. ҚР-ның Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі және ҚР-ның Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы (2013-2018). Қазіргі қызметін атқаруға 2018 жылғы мамырда кірісті. ІІІ дәрежелі «Барыс» (2004), «Парасат» (1999) ордендерімен; «10 жыл Астана» (2008) медалімен; ҚР Құрмет грамоталарымен; Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Армения, Әзербайжан, Грузия, Украина, Қырғызстан және Тәжікстан сияқты мемлекеттердің 20-дан астам медалімен наградталған.




59 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі меңгерушісінің орынбасары Үмбетбай Ақпарұлы МАҒЗҰМОВ дүниеге келді.

Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ауылшаруашылық өндірісінің экономист- ұйымдастырушысы мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы бастаған. Әр жылдары Астана қаласының әкімдігінде, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінде, «Нұр Отан» ХДП, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде қызмет еткен. 2009-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі. 2014-2016 жылдары - Астана қаласы әкімінің көмекшісі. 2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың желтоқсанынан. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 4 мерейтойлық медальдармен наградталған.




50 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2017 жылдан бастап), Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2017 жылдан бастап) Төлежан Тұрсынұлы БАРЛЫБАЕВ дүниеге келді.

Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған. 1992 жылы Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетті тәмамдаған. Әр жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінде, ҚР Президент Әкімшілігінде лауазымды қызметтер атқарған.




44 жыл бұрын (1976) «ҚазАгро» Холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ербол Шырақпайұлы ҚАРАШӨКЕЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ ұлттық университетін бітірген. әл-Фараби, заңтану бакалавры (1997);

әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану бакалавры мамандығымен бітірген (1997), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және құқық институты магистрі (1999).

Жұмыс тәжірибесі: ҚР Статистика агенттігі талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы (1998-1999); ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты (1999-2001); «Медикус Центр» ЖШС БК қаржы директоры, Ақтөбе қаласындағы филиал директоры, батыс өңірі бойынша директоры (2002-2003); қаржы департаментінің директоры – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Басқарма мүшесі (2003-2006); ҚР Қаржы министрлігі жиынтық-талдау департаментінің директоры (2003 2006-2007 жж); «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры (2007); «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы (2007-2009); Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» РМК бас директоры (2010-2012); «ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бас директоры (2012-2013); «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2013-2016); ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2016-2019); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы (01.2019-04.2019).

Қазіргі қызметінде – 2019 жылғы сәуірден бастап.




41 жыл бұрын (1979) Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Алмат Мешітбайұлы БАБАТОВ дүниеге келген.

Ол Қызылорда қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген (2001). Еңбек жолы: Астана қаласы Әділет депертаменті нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінде жетекші маманы (2001–2002); Павлодар облысы Әділет басқармасының жетекші, бас маманы (2002-2003); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің жетекші, бас маманы (2003-2005); Астана қаласы Соттар әкімшісінің сот орындаушысы (2005-2006); Астана қалалық сотының бас маманы (2006); Астана қаласы Соттар әкімшісінің сот орындаушысы (2006-2007); Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (2007); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті кадр жұмысы бөлімінің бас маманы (2007-2008); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті соттардың қызметін ұйымдастыру басқармасының сарапшысы (2008); Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясының бас маманы (2008-2009); Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы (2009-2013); Қызылорда қалалық сотының төрағасы (2013-2017). Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы (2017-2020).

Қазіргі қызметінде 2020 жылдың шілдесінен бастап.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай