Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

25 жастағы қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер қайтыс болды

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 10:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық зілтемірші Альберт Линдер 26 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін түнде дарынды спортшы – ауыр атлет Альберт Линдер қайтыс болды.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, универсиада жеңімпазы және рекорд жасаған, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Альберт табандылықтың, тәртіптің және өз ісіне деген сүйіспеншіліктің арқасында биік белестерді бағындырып, көпке үлгі болды.

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы ұжымы спортшының туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады» делінген хабарламада.

Спортшының неден көз жұмғаны айтылмаған.


Басты сөздер: Спорт, Оқиға,
Жоғары қарай