Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

25 шілдеден бастап Ресейге баратын қазақстандықтарға жаңа талап қойылады

2021 жылдың 23 шілде 2021 08:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар 25 шілдеден бастап Ресейге кірген кезде «Путешествую без COVID-19» қосымшасын пайдалануы тиіс. Бұл туралы ИИДМ телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы платформаның көмегімен коронавирусқа талдау жасау үшін ең жақын зертханаларды табуға болады. Тест елге кіргенге дейін кемінде 72 сағат бұрын тапсырылуы тиіс. Нәтижесі QR код түрінде жіберіліп, оны шекарада көрсету керек.


Сондай-ақ, нәтижелер өзара ықпалдастырылған ақпараттық жүйеге енгізіледі. Бұл Қазақстан азаматтарына Ресей аумағына Армения, Беларусь және Қырғызстанның әуе өткізу тіректері арқылы (транзитпен) кіруге мүмкіндік береді.
«Путешествую без Covid-19» қосымшасын пайдаланудың тәртібі мынандай:
1. Қосымшаны жүктейсіз.
2. Бағдарлама ұсынған тізімнен ең жақын зертхананы таңдайсыз.
3. ПТР-тест тапсырғаннан кейін нәтижені QR-кодты (оны зертхана береді) сканерлеу арқылы «Тесттер» бөліміне жүктейсіз.


Жоғары қарай