Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

25 қазан. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

2021 жылдың 25 қазан 2021 06:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 25 қазанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фронталды аумақтың әсерінен республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысында жел күшейеді, тұман күтіледі.

Алматы облысының Алакөл аудандарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау, түнде және таңертең Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай