Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

25 қарашада елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 24 қараша 2021 23:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 25 қараша күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Сенат отырысы басталады.

11.00-де қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығында БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясы өтеді.

12.00-де «Керуен» сауда орталығында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» жаһандық науқаны аясында «Қарапайым заттар» интерактивті көрмесінің ашылады.

14:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің дамуы туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.

15.00-де Хан шатыр СОО-да Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы ұйымдастырған «Түркия оқушылар көзімен» атты көркем көрме ашылады. Рәсімге Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, дипломатиялық корпус өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен өнер сүйер қауым қатысады.

16.00-де ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде «Бірыңғай экологиялық портал» таныстырылымы өтеді. Трансляция барысында қоғамдық тыңдауды қоғамдық талқылау түрінде өткізу жөніндегі өзгерістерге түсініктеме беріледі.

16.00-де «Тұран» университетінде «Қазақстандағы заманауи продюсерлік – кино біліміне қойылатын талаптар» атты дөңгелек үстел өтеді.

18.30-да FORTE KULANSHI ART SPACE галереясында қазіргі әйел суретшілердің еңбектерінен заманауи өнер көрмесі өтеді және «Анамның орамалы» инсталляциясы ашылады.


АЛМАТЫ

11.00-де ҚР БҒМ Ғылым комитеті Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Шығыстану институтының 25 жылдығына арналған «Қазақстан және Шығыс әлемі: өткені, бүгіні және болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде қазақ телевизиясының ардагері, белгілі журналист, тележүргізуші Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы оқу зертханасы ашылады.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: БАҚ,
Жоғары қарай