Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

25 қаңтар. Туған күн иелері

2021 жылдың 25 қаңтар 2021 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 25 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




64 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғарғы қолбасшылық өкілі, генерал-майор Мұқан Естайұлы ДҮЙСЕКЕЕВ дүниеге келді.

Павлодар облысының тумасы. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1978), Мәскеу қаласы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясын (1993), РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясын бітірген (1999). 1974-1978 жылдары Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты, Орта Азия ӘО әскерлері мотоатқыштар дивизиясы мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі, 55712 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы бөлімшесінің топ командирі, Түркістан ӘО 43151 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы бөлімшесінің арнайы жасақ топ командирі, Орта Азия ӘО әскерлері жеке гвардиялық десант-шабуыл бригадасы парашют-десант ротасының командирі, батальон командирінің орынбасары - штаб бастығы, батальон командирі, Түркістан ӘО Қолбасшысының қарамағында, М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясының тыңдаушысы (1978-1993), ҚР ҚМ қарамағында жеке гвардиялық десант-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары, бригада командирі, РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясының тыңдаушысы, механикаландырылған дивизия командирінің орынбасары - штаб бастығы, Ұтқыр күштер Қолбасшысының орынбасары, бірінші орынбасары - штаб бастығы (1993-2003), ҚР ҚМ ШБК арнайы әскери департаменті бастығының бірінші орынбасары - штаб бастығы міндетін уақытша атқарушы (2003-2005), ұйымдастыру-жұмылдыру департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы (2005-2008), «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - Басқарма штабының бастығы, ҚР ҚМ ШБК төрағасының бірінші орынбасары (2008-2011), 2011 жылдың ақпанынан-орынбасары. «Красная Звезда» (1982), 3-дәрежелі «За службу Родине в СССР» (1984), 2-дәрежелі «Айбын» (2010), медальдармен марапатталған.




61 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Әлібек Ақылбекұлы ТЕМІРБЕКОВ дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген (1988); заңгер. Еңбек жолын 1977 жылғы қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы Парамонов ауылында Парамонов орта мектебінде мұғалім қызметінен бастады; Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы зауыттың № 3 құю цехында стерженщик (1980-1982); Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты төрағасы орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі (1992-1994); С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде Қылмыстық құқық жəне криминология кафедрасының аға оқытушысы, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика жəне құқық институты Қылмыстық құқық жəне криминология кафедрасының аға оқытушысы, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қылмыстық құқық жəне криминология кафедрасының доценті, Заң факультетінің оқу-əдістемелік жұмыс бойынша деканының орынбасары (1994-2006); Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының басшысы (2006-2013); 2013 жылғы 26 маусымда осы лауазымға 1-топ 1-санатта «А» корпусындағы əкімшілік қызметтің кадр резервінен осы лауазымға қайта тағайындалды. «Құрмет» орденімен; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тəуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен; «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен наградталған.




58 жыл бұрын (1963) ҚР Жоғарғы сотының судьясы Нұржан Үсіпханұлы ҚАЙЫПЖАН дүниеге келді.

Шымкент облысында (Қазіргі – Түркістан облысы) туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. 1986-1989 жылдары - Шымкент облысы Түркістан қаласы прокуратурасында аға тергеушінің міндетін атқарушы, аға тергеуші. Шымкент облысы Шардара ауданы прокуратурасының аға тергеушісі. 1991-1996 жылдары - Шымкент облысы Түлкібас ауданы прокуратурасының тергеушісі, прокурордың орынбасары. 1996-2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы. 2002-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы. 2008-2010 жылдары - Алматы облыстық сотының азаматтық істер алқасының төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2010 жылғы ақпаннан бері.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай