Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

24 қазанға арналған ауа райы болжамы

2020 жылдың 24 қазан 2020 00:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 24 қазан, сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Скандинавия аймағынан жылжып келген циклон әсерінен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады. Әсіресе с олтүстік-батысында қатты жауын-шашын болады.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Жел күшейеді, солтүстікте жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан жылжып келген антициклонның әсерінен еліміздің оңтүстік-батысында күн ашық болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел екпіні күндіз 25 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын соғады, күндіз жел қарқыны - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жаяу бұрқасын көтеріледі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күші - 15-20 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең – көктайғақ.

Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде көктайғақ болады, күндіз жел қарқыны - 18 м/с.

Жамбыл, Павлодар, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Павлодар облысында – көктайғақ.

Түнде Қызылорда облысында 1-6 градус үсік жүреді.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай