Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

24 қазанда Өзбекстан Президентінің сайлауы өтеді

2021 жылдың 23 шілде 2021 14:09

ТАШКЕНТ. ӨзА - ҚазАқпарат -Бүгін, 23 шілдеде Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Ол үлкен саяси процестің бастамасы болды. Өзбекстан Республикасы Президентін сайлау науқаны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА-ға сілтеме жасап.

Іс-шараға саяси партиялардың жетекшілері, азаматтық қоғам институттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Орталық сайлау комиссиясы Өзбекстан Республикасы Президентін сайлау күні ретінде 2021 жылғы 24 қазанда белгіледі. Сайлау науқаны 23 шілдеде басталады деп жарияланды.

Президент сайлаўы Өзбекстан Республикасы Конституциясының 117-бабына өзгерістер енгізуінене байланысты, ағымдағы жылдың қазан айында өткізіледі. Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаев Президент сайлауы жаңартылған ұлттық сайлау заңнамасына, жалпыға танылған халықаралық стандарттарға, демократиялық принциптерге, ашықтық пен жариялылыққа сәйкес өтетінін баса айтты.

Алдағы сайлаулар 2017-2021 жылдардағы Өзбекстан Республикасын дамытудың бес басым бағыты бойынша іс-қимыл стратегиясында көрсетілген демократиялық идеялардың тағы бір жарқын көрінісі болады.

2016 жылғы 4 желтоқсандағы президенттік сайлаудан кейінгі бес жыл ішінде адамдарда, ел өмірінде, қоғамда, ұлттық сайлау заңнамасында орасан зор өзгерістер болды. Халықаралық жетекші ұйымдар мен сарапшылар мойындағандай, осы кезеңде республика өмірінің әлеуметтік-саяси және экономикалық салаларында халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған батыл реформалар жүзеге асырылды. Өзбекстан Республикасы Сайлау Кодексі негізінде өткен Президент сайлауы алғаш рет Өзбекстан Республикасы Президентінің, яғни мемлекет басшысының сайлануын конституциялық ережелерге сәйкес кезеңділік негізінде қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, елдегі саяси партиялардың саны біреуге көбейіп, партияаралық бәсекелестік айтарлықтай өсті.

Кездесуде барлық саяси партиялар мен олардың кандидаттары үшін сайлау науқаны кезінде шынайы бәсекелестік орта мен тең жағдайлар жасалатындығы баса айтылды. Саяси партиялардың, азаматтардың өзін-өзі басқару органдарының, халықаралық ұйымдардың және шет мемлекеттердің өкілдері, журналистер, оның ішінде шетелдік журналистер, мыңдаған бақылаушылар президенттік сайлауға дайындық пен өткізу барысын, оның ішінде дауыс беру процесін бақылайды.

Алдағы сайлауды жоғары саяси, құқықтық және ұйымдастырушылық деңгейде өткізу үшін, Орталық сайлау комиссиясы үстіміздегі жылдың 14 сәуірінде бекіткен Өзбекстан Республикасы Президентін сайлауға дайындық жөніндегі негізгі шаралар бағдарламасына сәйкес серіктес ұйымдармен бірге ауқымды істерді жүзеге асыруда. Соған сәйкес, маңызды міндет - сайлаушылар мен сайлау ұйымдастырушыларына Президент сайлауының маңыздылығы мен ерекшеліктері, Сайлау кодексі, сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны туралы хабарлау. Сайлау науқаны жарияланғанға дейінгі кезеңде болған мұндай іс-шаралар миллиондаған азаматтарды қамтығанын атап өткен жөн.


Жоғары қарай