Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 448.52
EUR 490.32
RUB 5.69
CNY 63.23

24 ақпан. Туған күн иелері

2020 жылдың 24 ақпан 2020 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 24 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




49 жыл бұрын (1971) ҚР Ішкі істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры Болат Тұрарұлы НҮСІПОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ Мемлекеттік әлем тілдері университеті неміс тілі факультетінде (1993), Венадағы дипломатиялық академияда (1995), Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті Экономика факультетінде (2005) білім алған.

Еңбек өтілі 1994 жылы қаңтар айынан бастап ҚР СІМ-нің жүйесінде
1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Еуропа елдері басқармасының референті, атташесі, үшінші хатшысы.
1995-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің кеңесшісі, бөлім бастығы. 2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, Экономика бөлімнің басшысы. 2010-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаменті директорының орынбасары. 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі, Экономика бөлімнің басшысы. 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі. 2014 жылғы шілдеден Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Уақытша-сенімді өкілі. 2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2019 жылғы қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.




47 жыл бұрын (1973) «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры Ғалым Алғиұлы АХМЕДЬЯРОВ дүниеге келді.

1995 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, 2001 жылы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының аспирантурасын «Музыка өнері» мамандығы бойынша тәмамдады.

1995–1997 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында ұстаздық етті. 1998–2007 жылдары ҚР Республикалық гвардиясы Президенттік оркестрінде ұлттық аспаптар ансамблінің солисі, жетекшісі, 2007 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінде Өнер басқармасының басшысы болды. 2008–2012 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақ әуендері» АҚ басқарды, 2012-2013 жылдары «Қазақстан музыка қайраткерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі, 2013–2014 жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің «Қазақстан рухани даму қоры» АҚ-ның президенті, 2014 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ әуендері» АҚ-ның президенті болды. 2014 жылдың 3 қарашасынан бері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.

2016 жылдың 28 қыркүйегінде «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры болып тағайындалды.




44 жыл бұрын (1976) ҚР Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Елеусізұлы СҰЛТАНҒАЗИЕВ дүниеге келген.

Алматы облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (1997); Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2001), Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (2010) бітірді.

Еңбек жолы: салық органында маман, салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас салық инспекторы, бөлім бастығы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің басқарма бастығы лауазымдарында қызмет етті (1997-2002); Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімінің бастығы (2002-2006); Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің салық апелляциясы, түсіндіру және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы (2006-2007); Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің салық аудиті басқармасының бастығы (2007-2008); Алматы қаласы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары (2008-2010); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден саясаты талдау және болжамдау департаментінің директоры (2010-2011); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамалары мәселелерін үйлестіру, кірістерді талдау және болжамдау департаментінің директоры (2011-2012); Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі (2012-2013); Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі («А» корпусы) (2013-2014); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы (2014-2017); Республикасы Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі (2017-2018).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылдың қазан айында кірісті.




43 жыл бұрын (1977) қоғам қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Нұрлан Сүлейменұлы ӨТЕШЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. «Қазақстан жастары конгресі» ЗТБ атқарушы директоры, ҚР Білім және ғылым министрлігі жастар саясаты департаментінің директоры қызметтерінде болған. 2009 жылдың ақпанынан - «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы. 2012 жылдың тамыз айынан ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының міндетін атқарушы. 2015 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері болған. 2016 жылдан бері «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2019 жылдың қыркүйек-қазан айларында ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының штаттан тыс кеңесшісі болды. 2019 жылдың қазан-желтоқсан айларында ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары міндетін атқарушы болды.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай