Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

23 сәуірде елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 22 сәуір 2021 20:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 23 сәуірде елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті онлайн тәртібінде Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. https://www.facebook.com/profile.php?id=100043580851461

11.00-де Astana International University қабырғасында PreTOM мейкатонының екінші кезеңі өтеді. PreTOM кезеңі – мүмкіндігі шектеулі адамдармен прототиптер жасайтын өнертапқыштарды таныстыруға бағытталған іс-шара.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы COVID-19 қарсы вакцинация: ең өзекті сұрақтарға жауаптар» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева, UMC клиникалық иммуннология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі, «Астана медициналық университеті» КеАҚ неврология, гематология, аллергология және иммунология курсы бар ішкі арулар кафедрасының аға оқытушысы Елена Ковзель, м.ғ.д., профессор, ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ляззат Ералиева, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Саниятариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағүл, м.ғ.д., профессор, ҚР ДСМ дәрілік заттар мен медициналық бағыттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Александр Гуляев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00-де ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы мен М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы онлайн форматта «Экономика саласының бүгінгі сыны мен өзгерісі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. Шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстандағы ММУ филиалының 20 жылдығына орайластырылған.

15.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейімен бірлескен ұлы ағартушының 180 жылдық мерейтойына арналған «Үміт еткен көзімнің нұры балам...» атты дөңгелек үстел, Ыбырайтанушы – ғалым Серікбай Оспановтың «Ыбырай жолы» кітабының тұсаукесер рәсімі, «Даланың дара ұстазы» атты көшпелі көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

15.00-де «30 игі іс» акция аясында елордада «ДОС» «Тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі аумағында «Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Астана жастары» КММ және елордалық волонтерлардың қатысуымен сенбілік өтеді.

АЛМАТЫ

14.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде І тоқсандағы экономикалық даму қорытындылары мен азық-түлікпен қамту мәселелері бойынша онлайн-брифинг өтеді. Спикер – Алматы қаласы Кәсіпкерлік пен инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай