Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

23 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 22 қазан 2019 19:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 23 қазанда Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Мемлекеттік басқару академиясының ғимаратында «Қазақстанның шығыс көршісі. Қытайдың қарқынды дамуы куәгерлер көзімен» атты конференция басталады.

Сағат 10.00-де Мәжілістің жалпы отырысы өткізіледі.

Сағат 10.00-де Отырар, 1/2 мекенжайында Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен нысандарын сақтау дирекциясы облыстық тарихи-мәдени орындарға экскурсия өткізеді.

Сағат 10.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Балалар» кітапханасында «Абай – дана, Абай - дара» атты әдеби кеш өтеді.

Сағат 10.30-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Туған өлкем» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Сағат 10.30-да «Алау» Спорт сарайында конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады.

Сағат 11.00-де «Көрме» орталығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және Германия Азық-түлік және ауылшаруашылығы федералдық министрлігінің қолдауымен «KazAgro/KazFarm» халықаралық ауылшаруашылық көрмесін өткізеді.

Сағат 12.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 14.15-те Ұлттық нейрохирургия орталығында Ұлттық нейрохирургия орталығы мен Қазақстандағы ДДҰ елдік кеңсесінің бірлескен конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де Мемлекеттік рәміздер және оларға теңестірілген ведомстволық және басқа да марапаттардың геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтеді. Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев қатысады

Сағат 15.00-де ҚМДБ ғимаратында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани құндылықтар - қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумы өтеді.

Сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Алтын бағыт» атты мерейтойлық көрме ашылады.

Сағат 16.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында халықаралық эстарада орындаушыларының қатысуымен 25-26 қазанда елордада өтетін «Voice of Nur-Sultan» кешіне арналған баспасөз конференциясы болады.

Сағат 16.30-да ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Тамара Дүйсенованың қатысуымен «Машина жасау және металл өңдеу» бағыты бойынша салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөніндегі ұлттық біліктілік кеңесінің көшпелі отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Қазақстан Баспасөз клубында POST DRAMA WEEKEND шарасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 10.00-де «Атакентте» «Энергетика, электротехника және энергетика» 18-ші халықаралық көрмесі өтеді. Шараға 13 елден 100-ден астам компания қатысады.

Сағат 11.00-де «Ел-Шежіре» қоғамдық қоры Алматы қаласы қоғамдық даму департаментінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Ұлттық құндылықтар - ұлттық идеяның негізі» тақырыбында конференция өткізеді.

Сағат 12.00-де Қазақстан Баспасөз клубында «Аспандау» ғылыми-білім беру қорының баспасөз қоғамдастығы ақпараттық қоғам тәрбиешілері қозғалысының басталуына және олардың манифестінің тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихатын өткізеді.

Сағат 16.00-де Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында Пушкиннің 220-жылдығына арналған «Бірге, мәңгі бірге» атты дизайнерлік интерьер қуыршақтарының үшінші жыл сайынғы халықаралық көрмесінің ашылуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 17.00-де Мега Паркте «МногоДЕДный» фильмінің алдын ала көрсетілімі болады.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қоғам,
Жоғары қарай