Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

23 қарашада елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 22 қараша 2021 21:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 23 қараша күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, жергілікті қамтуды дамыту мәселелері және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралады.


9.30 -да гибридті форматта цифрлық трансформацияға арналған ШЫҰ Банкаралық бірлестігінің халықаралық конференциясы өтеді. Шараны «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ұйымдастырады.

11.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында музейінде «Елбасы елімен бірге» альбомының тұсаукесері мен Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылған «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Қос шара да Елбасы кітапханасының «Қазақстан жолы» жобасы аясында өткізілмек.

11.00 -де Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтеді. Онда мониторинг топтардың жұмыс істеу алгоритмін сақтау және оны сақтамағаны үшін жауапкершілік мәселесі қаралады.

11.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «QAZAQ ELI» көрмесі ашылады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу мәселелерін үйлестіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен департаментінің директоры Әсем Нұрмағамбетова және Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарығы, органикалық өнім және техникалық реттеу департаментінің директоры Ержан Төлеутаев.

15.00-де ҚР ҚК Ұлттық әскери патриоттық орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» КММ, ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Жас Сарбаз – Тәуелсіздік тірегі» жобасының жабылу салтанаты өтеді.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз орта құру туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенова, ҚР ИИДМ темір жол көлігі және жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Елдос Нестай.


17.00-де ТүркПА Хатшылығының бас хатшысы Мехмет Сюрейя Эр бастаған делегациясы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына ресми сапармен келеді. Сапар барысында Елбасы кітапханасы мен түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы (TURKPA) ынтымақтастық меморандумына қол қояды.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай