Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

23 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылдың 23 қараша 2020 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 23 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық жазасыздыққа қарсы күрес күні

Халықаралық сөз бостандығын қорғау қауымдастығы 2011 жылы бекіткен. 2009 жылы осы күні Ампатуан (Магинданао, Филиппин провинциясы) қаласында 58 адам ұрланып, өлтірілді. Оның ішінде 32 журналист, БАҚ қызметкері болды.

Халықаралық акварель күні

Бұл мерекеге мексикалық суретші Альфредо Гуати Рохо (1918-2003) бастамашылық етті. Ол танымал суретші-акварелист бола отырып, 1991 жылы жыл сайын 29 қарашада Халықаралық акварель күнін өткізуді ұсынды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

2000 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев атындағы аудан болып өзгерді.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Венгрия Республикасының жоғарғы мемлекеттік наградасы «Алқалы үлкен крестпен» марапатталды. Елбасыға орденді Будапештте Венгрияның Президенті Ласло Шойом салтанатты жағдайда табыс етті.

2010 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінде ЕҚЫҰ саммитіне арналған үш көркем маркадан тұратын пошталық блок салтанатты түрде таныстырылды. Блокта Ақорда, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Қазақстан туы аясындағы «Қазақ елі» бейнеленген. Авторы - Данияр Мұхамеджанов.

2010 жылы қазақстандық ғалымдар «Алматы апорты» алма ағашының сорты алғашқы микроклондарын алды. Олар Алатау етегінде теңіз деңгейінен 1000-1200 метр биіктікте өседі.

2010 жылы Қазақстанда мәдениет, спорт, білім беру және қоғамдық қызмет саласында мүмкіндігі шектеулі жандардың жетістіктеріне арналған «Самғау» жыл сайынғы қоғамдық сыйлығы бекітілді.

2012 жылы ҚР Ұлттық банкі 2012 жылғы 23 қарашада 500 теңге номиналымен «Жылан жылы» монетасын айналысқа шығарды. Монета он екі қырлы нысанда жасалған. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар шоғырының мифтік символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамасы мен массасын «Au 999 7,78 g» білдіретін жазу бейнеленген.

2016 жылы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан жетістіктерінің декларациясы» қабылданды. Декларацияда Қазақстан ядролық қауіпсіздік рейтингінде ең қауіпсіз елдердің қатарына кіргендігі атап өтілген.

2016 жылы АҚШ-тың Флорида штатында Лодердейл-бич қаласында ардагерлер арасында дзюдодан өткен әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошы Мұрат Кинтонов (-100 кг ) Әлем чемпионы атанды.

2018 жылы Қазақстанда қазіргі бессайысты дамытуға қосқан үлесі үшін бүкілодақтық және халықаралық додалардың көп дүркін жеңімпазы Тимур Досымбетовтың есімі Халықаралық қазіргі бессайыс одағының Даңқ залына жазылды.

Айта кетейік, 70 жылдан бері Халықаралық қазіргі бессайыс одағының Даңқ залына жалпы 15 адамның аты жазылған.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай