Ауа райы
Астана -28 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

224 турист Мысырдан Қазақстанға ұша алмай қалды

2020 жылдың 25 қараша 2020 20:59

ШАРМ-ЭШ-ШЕЙХ. ҚазАқпарат – Қазақстанға Мысырдан ұшып келуі тиіс болған 224 турист бір тәулікке кешігіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«SCAT» әуе компаниясының Boeing-757 ұшағын ұшу алдындағы дайындықтан өткізу кезінде қосымша жөндеу жүргізу қажет екені анықталды. Мысырдан Ақтөбеге ұшпақ болған жолаушылар all-inclusive форматындағы қонақүйлерге орналастырылды. Олар жергілікті уақытпен 12.00-де ұшу керек болатын. Барлық трансфер мен қонақүйдегі шығындарды авиакомпания көтереді. Рейс 26 қарашада жергілікті уақытпен 12.00-де ұшады деп жоспарланып отыр. Басқа қалада тұратын жолаушылар Ақтөбе қаласында үш мезгіл тамақ пен барлық жағдайы жасалған қонақүйлерге орналастырылады. Ұшу 21.00-ге жоспарланды», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне «SCAT» әуе компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Виктория Старожилова.

Оның айтуынша, тағы бір тәулігін Мысырда өткізетін жолаушылардың саны – 224.

Басты сөздер: Туризм, Ақтөбе облысы, Аймақ,
Жоғары қарай