Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

22 қыркүйек күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 20:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 22 қыркүйек күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде егін жинау жұмысының барысы және тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері қаралады.

Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн режимде көрсетіледі.

10.00-де ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы бойынша онлайн талқылау өткізеді.

Талқылауға қатысу үшін мына сілтеме арқылы тіркелу қажет.

12.00-де ҚР Ұлттық музейі алдындағы ашық алаңда «Стрит-арт» перфомансы өтеді.

Мемлекеттік мәдени жобаларды кеңінен насихаттау және іске асыру аясында Абайдың 175 жылдығына орай бейнелеу өнерінің заманауи құралдары - перфоманс және граффити арқылы мәдениеттің, тарихтың және өнердің тұтастығын көрсету жоспарланған.


АЛМАТЫ

15.00-де Қазақстан баспасөз клубында «ЖЭО-2-ні газға көшіру: тәуекелдер мен перспективалар» тақырыбындағы онлайн-баспасөз конференциясы өтеді.

Шараны Zoom платформасы арқылы тамашалауға болады.


Жоғары қарай