Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 439.01
EUR 474.61
RUB 5.75
CNY 61.91

22 қаңтар. Туған күн иелері

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 22 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




88 жыл бұрын (1932-2013) Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын Кәкімбек Салықұлы САЛЫҚОВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Еңбек ауылында туған. 1955 жылы Мәскеудің түсті металлургия және алтын институтын бітіргеннен кейін Жезқазған кенішінде кен шебері болып еңбек жолын бастаған. КСРО Жоғарғы кеңесінің экология жөніндегі комитетінің басшысы лауазымына дейін көтерілді. Көп жылдар Кеңес одағы Жоғарғы кеңесінің президиум мүшесі болды. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сыр» 1977 жылы жарық көрді. Сол жылы «Жезкиік» атты жыр жинағы орыс тіліне аударылып жарияланды. 1981 жылы «Қырғызстан» баспасы оның «Нұрлы күндер» кітабын қырғыз тілінде, 1983 жылы Ғафур Ғулам баспасы «Жезкиік» жинағын өзбек тілінде шығарды. «Букетовке реквием», «Эдельвейс», «Ғасырға тең бір мезет», «Че Гевара» атты поэмалары орыс тіліне аударылды. К.Салықов - «Дала», «Қыран-дар», «Гәкку», «Жезкиік», «Еңлікгүл», «Тәттімбет», «Домбыра», «Қарақалпақ», «Кенесарының соңғы сөзі» секілді көптеген поэмалардың авторы. Соңғы жылдары оның «Ойтолғақ» (2001), «Сырғалы сонеттер» (2001), «Күзгі шуақ» (2004), «Күзгі сарын» (2005), «Сенсің ел данасы» (2006), «Әлемнің сегізінші ғаламаты» (2006), «Мағжанға тағзым» (2008) кітаптары жарық көрді. В.В.Маяковскийдің «В.И.Ленин» поэмасын, А.С.Пушкиннің өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романын, М.Ю.Лермонтовтың, Ю. П. Полонскийдің, Р.Ғамзатовтың, Алдан-Семеновтың, С.Норовчатовтың, В.Савельевтің, Я.Коластың, М.Львовтың, моңғол және өзбек ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Б.Жұманиязов, Н.Тілендиев, Ә.Бейсеуов, Е.Хасанғалиев сияқты композиторлар ақынның көптеген өлеңдеріне ән шығарды. «Жезкиік», «Сағыныш», «Аққу әні», «Үш арыс», «Бір ауыз сөз», «Оқжетпес», «Көкшетау», «Жамбыл ата» сынды туындылары халық әніне айналып кетті. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үш мәрте (IX, X, XI) депутат болып сайланған. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2001), Халықаралық Қ.Сәтбаев қорының президенті, Қазақстан Республикасы «Экология» академиясының академигі. Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Парасат» және Халықтар Достығы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

65 жыл бұрын (1955-1998) суретші, монументалист, спортшы, Қазақстандағы тұңғыш таэквондо федерациясының президенті Бексейіт Әбдезұлы ТҮЛКИЕВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Мәскеу жоғары көркемсурет училищесін бітірген. «Ұлы көш», «Замандастар», «Әке», «Ата-баба жері», «Суретшінің түсі», «Әже», «Түсіру алаңы», «Әкені майданға шығарып салу» және тағы да көптеген кескіндемелік еңбектердің авторы. Туындылары Бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қойылды. Түлкиев шығармашылықты спортпен байланыстыра білді, таэквондадан қара белбеу иегері. Бүгінде туған ауылындағы орта мектепке оның есімі берілген.




49 жыл (1971) бұрын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Ардақ Мырзабайұлы ТЕҢГЕБАЕВ дүниеге келді.

Торғай облысында туған. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша, 2002 жылы «Қайнар» университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Арқалық қаласында «Қазагроөнеaркәсіпбанк» АК-ның Торғай филиалында маман болып бастады. 1994-1996 жылдары Амангелді ауылында «Қазагроөнеaркәсіпбанк» АК-ның Амангелді филиалында экономист, аға экономист. 1996 жылдың сәуір-қыркүйек айларында Арқалық қаласында «Қазагроөнеркәсіпбанк» Торғай облыстық филиалының аға инженері, бас инженер-бағдарламашысы. 1993-1997 жылдары «Қазагроөнеркәсіпбанк» АҚ Амангелді аудандық филиалының басқарушысы. 1997-2003 жылдары салық инспекторы, сектор меңгерушісі, бас салық инспекторы, бөлім басшысы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Басқарма бастығы лауазымдарында қызмет атқарды. 2003-2004 жылдары Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттің аға инспекторы, бөлім бастығы, басқарма бастығы. 2004-2005 жылдары «Ақпараттық технологиялар паркі» Салық комитетінің бөлім бастығы. 2005-2007 жылдары Семей қаласының Салық комитетінің төрағасы. 2007-2009 жылдары Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Маңғыстау облысы бойынша Салық департаментінің бастығы. 2009-2010 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің арнайы мамандандырылған басқармасының бастығы қызметін атқарды. 2010-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары болды. 2012-2016 жылдары ҚР Қаржы вице-министрі лауазымында болды. 2016-2018 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың ақпан айынан бастап.

ІI дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» (2015), ІІІ дәрежелі «Өз ісіне адалдығы үшін» «Атамекен» ҰКП (2016), «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» (2019) медальдарымен, ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» (2011) төсбелгісімен марапатталған.




46 жыл бұрын (1974) журналист Алан Ғазизұлы ӘЖІБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

1994 жылдың тамызынан 1995 жылдың қыркүйегі аралығына - «Макс» телерадиокомпаниясы, радиожүргізуші. 1995 жылдың қыркүйегінен 1997 жылдың тамызы аралығында - «31 арна» Телерадиокомпаниясы», теле-, радиожүргізуші. 1997 жылдың қыркүйегінен 1998 жылдың қыркүйегі аралығында - «City» Телерадиокомпаниясы» ЖШС бағдарламалық директоры. 1999 жылдың ақпанынан 1999 жылдың қыркүйегі аралығында - «Радио Караван» директоры. Кейінірек жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2008 жылдың ақпанынан 2010 жылдың қаңтары аралығында - «Таң» Телерадиокомпаниясы» ЖШС бас продюсері. 2009 жылдың желтоқсанынан 2012 жылдың мамыры аралығында «Радио «Тенгри ФМ» бас продюсері. 2012 жылдың маусымынан 2014 жылдың қаңтары аралығында «SKYMAX MEDIA» бас директоры. 2014 жылдың ақпанынан 2016 жылдың тамызы аралығында «Айқын» және «Литер»қоғамдық-саяси газеттерінің директоры. 2016 жылдың 19 тамызында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды. 2018-2019 жылдары «Хабар» АҚ» Басқарма төрағасы болды.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай