Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

22 ақпан. Туған күн иелері

2021 жылдың 22 ақпан 2021 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 22 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген?ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




99 жыл бұрын (1922-1978) кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1966), Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Мәжит Сапарғалиұлы БЕГАЛИН дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында туған. 1948 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген. 1950-1978 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында режисер болып, өз замандастары туралы «Бұл Шұғылада болған еді» (1955), «Жерге қайта М.Бегалинның оралуы» (1959), «Тұлпардың ізі» (1964) көркем фильмдерді қойды. Ш. Уәлиханов туралы «Оның күні туады» (1957), Б.Момышұлы жайында «Артымызда Мәскеу» сценарий авторы (1967). 1968 жылы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында өткен Орта Азия мен Қазақстан кино өнері байқауының бас жүлдесі мен 1-дәрежелі дипломы иегері. М. Мәметова туралы «Мәншүк туралы баллада» (1969) секілді тарихи-ғұмырнамалық фильмі Бегалиннің режиссерлік шеберлігін танытты. 1970 жылы Минск қаласында өткен Бүкілодақтық кинобәйгедегі КСРО Қорғаныс минстрлігінің бас жүлдесі иегері. Ресми шығармашылығы туралы «Мажит Бегалин» атты деректі фильм (1981) түсірілген.

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.




60 жыл бұрын (1961) «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ президенті Альмира Ізбасарқызы ТӘЖІҒҰЛОВА дүниеге келген.

Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысында дүниеге келген. 1982 жылы Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын «Автоматика, телемеханика және байланыс» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Еңбек жолын Қазақ КСР МинВУЗы бас ақпараттық-есептеу орталығының инженері, аға инженері ретінде бастады. Ақпаратты өңдеу аймақтық орталығы директорының орынбасары (2000 жылдан), «Ұлттық ақпаратандыру орталығы» АҚ вице-президенті (2007 жылдан).

Қазіргі қызметінде – 2013 жылдан бастап.




59 жыл бұрын (1962) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы Жанат Бостанұлы ҚҰРМАНОВ дүниеге келген.

Қарағанды қаласында туған. 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін физика мамандығы бойынша аяқтады. 1996 жылы Мәскеу қаласында Экономика, менеджмент және құқық институтын экономист мамандығы (мамандануы - банк ісі) бойынша тәмәмдады. 2017 жылы бизнес мектептің бағдарламасы бойынша диплом қорғап, Оксфорд университетін бітірді.

Еңбек жолын 1985 жылы ҚазКСР ҒА Ядролық физика институтында инженер болып бастады. 1988-1996 жылдары Бірлескен ядролық зерттеулер институтында (Дубна, Ресей Федерациясы) жұмыс істеді. 1994 және 1995 жылдары Пенсильвания штатының (АҚШ) университетінде жұмыс істеді. 1996 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасының қаржы нарығында жұмыс істейді. 1996 жылғы желтоқсан - 1999 жылғы желтоқсан аралығында «KBS» ЖҮАҚ-та қаржылық басқарма бастығы, қаржы жөніндегі вице-президент, жобаларды басқарушы болып жұмыс істеді. 1999 жылғы желтоқсан - 2002 жылғы шілде аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сақтандыруды қадағалау департаментінде және банктерді және сақтандыруды қадағалау департаментінде басшы лауазымдар атқарды. 2002 жылғы тамыз - 2007 жылғы ақпан аралығында «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ бас директоры, бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2012 жылғы мамырдан бастап - «Қазақстан қор биржасы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2016 жылғы ақпан - 2017 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сақтандыру қадағалау департаментіне, банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаментіне басшылық етті. 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болған.

Қазіргі лауазымын 2019 жылғы наурыздан бері атқарып келеді.




57 жыл бұрын (1964) ҚР Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жәмила Нүсіпжанқызы НҰРМАНБЕТОВА дүниеге келген.

Алматы облысында туған. 1981-1986 жылдары - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, «философия» мамандығын үздік тәмамдады. 1986-1989 жылдары - КСРО ҒА философия институтының аспирантурасын (Мәскеу) бітірді.

Еңбек жолы: 1989-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі Философия және саясаттану институты әлеуметтік философия және этика бөлімінің аға лаборанты; ғылыми қызметкері, мәдениет философиясы және саясат бөлімінің ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, ғылым философиясы және техника бөлімінің аға ғылыми қызметкері. 2000-2016 жылдары - Л.Н: Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті философия кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, бірінші проректоры.

2016 жылдан қазіргі қызметінде.

«ҚР білім берудің құрметті қызметкері» (2001), «Ы.Алтынсариннің төсбелгі медалі (2008), «Құрмет» ордені (2008), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы (2014), «10 жыл Астана» мерейтойлық медалі (2008), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015).




43 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Нұрланұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған.

1999 ж. - Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген.

Еңбек жолы: 1999-2001 жж. - ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің кінәрат-қуыным жұмысы бөлімінің жетекші маманы. 2001-2007 жж. - Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға референті. 2007 жылдың қаңтар- қыркүйегі – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары А.Е. Мусиннің кеңесшісі. 2007 жылдың қыркүйегі – 2008 жылдың қазаны – Қазақстан Республикасы Парламент Мәсіжілісі төрағасының хатшылығы меңгерушісі. 2008 жылдың қазаны – 2011 жылдың мамыры – ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлім меңгерушісінің орынбасары. 2011 жылдың мамыры – 2014 жылдың тамызы - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы. 2014 жылдың тамызы – 2019 жылдың тамызы - ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары. 2019-2020 жж. - Ұлттық экономика министрлігінің бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасы.

Қазіргі қызметін 2020 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.




Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай