Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

217 мыңнан астам астаналық міндетті медициналық сақтандыруға енбеген

2022 жылдың 16 мамыр 2022 04:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында 1 миллионнан астам адам Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру» қоры елорда филиалының баспасөз қызметінен мәлім еткендей,

Биылғы бірінші тоқсанда астана бойынша МӘМС жүйесіне қатысушылар саны 5817 адамға артты. 2022 жылдың қаңтар айында 1 025 256 адам болса, 2022 жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткіш – 1 031 073 (жалпы халықтың 82,6%). Дегенмен елорда тұрғындарының 217 728-і МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр.

Айта кетейік, Қазақстанда медициналық көмектің толық спектрі МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтарға көрсетіледі.

Бұл ретте жеңілдікті 15 санаттағы 11 млн адамға жарнаны мемлекет аударады. Олардың бәрінің «сақтандырылған» мәртебесі бар және медициналық көмекті ақысыз алады.

Ал МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтарға медициналық қызмет тек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ғана көрсетіледі. Оған кіреді: шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек, учаскелік маманның қабылдауы, шұғыл операциялар, әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу және тағы басқасы (толық тізбемен қор сайтында танысуға болады.


Жоғары қарай