Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

21 тамыз. Туған күн иелері

2021 жылдың 21 тамыз 2021 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 21 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




57 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөнәндегі арнайы өкілі Ержан Хозеұлы ҚАЗЫХАНОВ дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. Ленинград Мемлекеттік университетінің Шығыс факультетінде білім алып, 1987 жылы оқуын тәмамдаған. Тарихшы, шығыстанушы. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

1989-1992 жылдар аралығында ҚазССР Сыртқы істер министрлігі Протоколдық-саяси бөлімінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 1992-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протокол басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары. 1995-2000 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі ретінде жұмыс істеді. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Көп жақты ынтымақтастық департаментінің директоры. 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2008 жылдың ақпанынан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2009-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі ретінде еңбек жолын жалғастырды. 2011 жылдың ақпан және сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2011 жылдың 11 сәуірінен 2014 жылдың 17 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі қызметін атқарды. 2014 жылғы 17 қыркүйегінен Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2017-2021 жж. Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.

Қазіргі қызметін 2021 жылдың сәуір айынан бері атқарып келеді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2005), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.




54 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Мұхаметқалиұлы КҮЛДІКОВ дүниеге келді.

Семей облысында туған. 1994 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін «өрттен қорғану техникасы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша, 2000 жылы ҚР ТЖК Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Семей қаласын күзету жөніндегі ІІБ №79 әскерилендірілген өрт сөндіру бөліміне бағынысты өрт сөндіруші болып бастады.

1993-2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшы құрамының түрлі лауазымдарын атқарды.

2008-2012 жж. — Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары – Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы.

2012-2014 жж. — Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2014-2016 жж. — Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2016-2019 жж. — ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.

2019-2020 жж.Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың қазан айынан бастап.




54 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының төрайымы Айгүл Қуанышбайқызы ҚЫДЫРБАЕВА дүниеге келді.

Заң және қаржы мамандығы бойынша екі жоғары білімі бар.

Алматы облыстық Төрелік сотының судьясы (1995-1996 жылдары); Алматы облыстық сотының шаруашылық алқасының судьясы (1996-2006 жылдары); Алматы қаласы сотының Бостандық ауданының судьясы (2006-2010 жылдары); Алматы қалалық сотының судьясы (2010-2011 жылдары); Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы (2011-2012 жылдары); Алматы қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы (2012-2013 жылдары); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (2013-2015 жылдары).

Қазіргі қызметінде 2015 жылдан бастап.




46 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Азамат Құрманбекұлы ӘБДІМОМЫНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Индиана Университетін, 1999 жылы Дж.Кеннеди атындағы Гарвард университеті Жоғары мемлекеттік басқару мектебін бітірген.

1999-2000 жылдары – «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы стратегиялық жоспарлау департаментінің бас аналитигі, стратегиялық жоспарлау және сыртқы экономикалық байланыстар департаментінің бас менеджері. 2000 жылғы мамыр мен желтоқсан аралығында – Қазақстан Республикасы Қорғаныс минстрлігі экономика және қаржы департаменті анализ бөлімінің және қорғаныс ресурстарын басқару басқармасының бастығы. 2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас Штабының жаңа технологиялар мен мақсатты бағдарламалар департаментінің бастығы, автоматтандыру және геоақпараттандыру жүйесі басқармасының бастығы. 2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жүйелі зерттеулер орталығының жетекшісі. 2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі экономикалық саясат басқармасы жүйелі зерттеулер орталығының жетекшісі. 2005-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі. 2007-2012 жылдары – «Самғау» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ басқарма бастығы. 2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі. 2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі.

Қазіргі қызметінде 2015 жылғы маусымнан.




37 жыл бұрын (1984) «Астана» телеарнасының бас продюсері Азамат Ырзағұлұлы ИСАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2001-2004 жылдары – «Shahar» Телерадиокомпаниясы ЖШС-да бағдарламалар журналисі, жүргізушісі. 2004-2005 жылдары – «HiT TV» музыкалық телеарнасының продюсері. 2005-2007 жылдары – «SuperStar KZ» мега-жобасының продюсері. 2007-2008 жылдары – «HiT TV» телеарнасының атқарушы продюсері. 2009-2019 жылдары – Қазақстанның шоу-бизнесі туралы «Go! Go! Magazine» журналының бас редакторы. 2009-2010 жылдары – «MuzZone» музыкалық телеарнасының басшысы. 2010-2012 жылдары – «Балапан» телеарнасындағы «Әліппе» тележобасының және «Бала тілі-бал» отбасылық ойын – сауық шоуының авторы. 2012-2018 жылдары – «Астана» телеарнасында креативті продюсер, кейін 2013 жылы «ORDA FM» радиосының негізін қалап, 2018 жылға дейін сол радионың директоры болып қызмет атқарған. 2018-2019 жылдары – «Қазақстан» РТРК жобаларының бас продюсері.

2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» сыйлығының лауреаты, «Нұр Сұңқар» сыйлығының жеңімпазы.




Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай