Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

21 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 20 сәуір 2021 20:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 21 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Қазақстан Республикасы Мәжілісінің жалпы отырысы www.parlam.kz сайтында онлайн режимінде өтеді.

11.00-де Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозердің қатысуымен виртуалды дөңгелек үстел өтеді. Елші У. Мозер Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанның серіктестігі, оның ішінде 30 жылдық ынтымақтастықтағы негізгі жетістіктер мен келешектегі перспективалар туралы айтады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде

«Көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа нысандарына көшу тәртібін түсіндіру туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Серіков Нұрбек Нұржанұлы, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ Өңірлік даму және әдіснама департаментінің басшысы Әбдікәрімов Марғұлан Жеңісұлы, «Қоғамдық қорғаушы» ҮЕҰ Алматы қалалық филиалының төрағасы Мұхамедғалиев Талғат Абылайұлы, «Маңғыстау облысының басқарушы, сервистік компаниялар және мүлік иелерінің бірлестігі қауымдастығының» төрағасы Қалмұқанов Қайырғали Бағдаулетұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде

«Елдегі ағымдағы эпидемиологиялық ахуал» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлыбек Асылбеков, м.ғ.к., ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай