Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

21 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 20 маусым 2021 20:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 21 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталады.

11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми парақшаларында апталық онлайн брифинг өтеді. Онда есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша атқарылған шаралар баяндалады.

11.45-те ҚР Ұлттық нейрохирургия орталығында ZOOM алаңында «Лекселлдың гамма-пышағы» медициналық кешені іске қосылады. Ол күрделі оталарды тілусіз және наркозсыз жасауға мүмкіндік береді.

15.00-де Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық аналар кеңесінің отырысы өтеді.


Жоғары қарай