Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

21 мамырда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 20 мамыр 2021 21:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 21 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Қазақстанның киелі географиясы кеңістігіндегі дәстүрлі шырақшы институтының орны мен рөлі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің халыққа есеп беру шарасы өтеді.

11.00-де ЕҰУ-дың 25 жылдығын мерекелеуге орай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен бірқатар салтанатты шара өтеді. Барлық шаралар Еуразия ұлттық университетінің ресми Youtube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі: https://www.youtube.com/user/ENUGumilyov/.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР төтенше жағдайлар министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қортындысы» атты онлайн брифинг өтеді. Спикер: ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Қарағанды ​​облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы» туралы баспасөз мәслихатын өткізеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясы. Тақырыбы: «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы. Спикер: Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының оң жағалаудағы музейінде «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» дөңгелек үстелі өтеді.

15.00-де Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысы өтеді. Оған қатысушы мемлекеттердің басшылары қатысады.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ashyq» жобасын іске асыру туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Атамекен ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов, ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қазанбаев Ержан, ҚР ДСМ Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Есенбаев Бейбіт. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.


Жоғары қарай