Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2050 жылға қарай көмір электр станцияларының бәрі қолданыстан шығарылады – Президент

2021 жылдың 13 қазан 2021 17:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2050 жылға қарай көмір электр станцияларының бәрі қолданыстан шығарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басышсы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференцияда осындай мәлімет айтты.

«Бүгін сіздердің назарларыңызға Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптылығы доктринасының жобасы ұсынылады. Доктрина экономика мен өнеркәсіптегі төменкөміртекті трансформацияның базалық тәсілдерін көздейді. Экология, гелология және табиғи ресурстар министрі өз баяндамасында Үкіметтің көзқарасын егжей-тегжейлі таныстырады. Алға баса отырып, доктрина түпкі нұсқада прагматикалық, ұтымды болуға және біздің экономикамыздың ерекшелігі мен құрылымын ескере отырып, оның шұғыл қажеттіліктерін ескеруге тиіс екенін атап көрсеткім келеді», - деген Президент Доктринаның өршіл мақсатына қол жеткізу жүйелі күш-жігерді қажет екенін атап өтті.

«Жоба бойынша, 2050 жылға қарай барлық көмір электр станциялары қолданыстан шығарылады. 2060 жылға қарай жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің үлесі елдің жалпы энергия балансының 80%-дан асады. Көміртектігінен бейтараптық сценарийі мәлімделген мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттің, бизнестің және жалпы қоғамның белсенді әрі бірлесіп күш жұмсауын қажет етеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай