Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2050 жылға қарай Қазақстанда халық саны 25 млн адамға жетуі мүмкін

2020 жылдың 19 қазан 2020 18:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2050 жылға қарай Қазақстанда халық саны 25 млн адамға жетуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде 294 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар. Жыл сайын Қазақстанда туу көрсеткіші өсіп келеді», - деді вице министр «Ана мен баланы әлеуметтік қолдау: заманауи талаптар мен жаңа тәсілдер» атты дөңгелек үстел отырысында.

Осы орайда ол бала тууды ынталандыру ұлттық қауіпсіздіктің стратегиясы екенін атап өтті.

«Талдау нәтижелері бойынша 2050 жылға қарай халық саны 1,3 есеге өсіп, 25 млн адамға жетуі мүмкін», - деді Серік Шәпкенов.

Айта кетейік, елордада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы халықты әлеуметтік қорғау мәселесіне қатысты дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан халқының саны 18 млн 785 мың адамға жетті.


Жоғары қарай