Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2032 жылғы Олимпиада Ойындары Аустралиядағы Брисбен қаласында өтетін болды

2021 жылдың 21 шілде 2021 18:12

ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат – Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімімен 2032 жылғы Олимпиада Ойындары Аустралияның Брисбен қаласында өтетін болды. Бұл туралы Токиода өткен ХОК сессиясынан кейін мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Аустралияда Олимпиада Ойындары алғаш рет 1956 жылы Мельбурнде, екінші рет 2000 жылы Сиднейде болған. Енді Брисбен осы елдің дүбірлі дода өтетін үшінші қаласы атанып отыр.

«Халықаралық Олимпиада комитеті 35-ші Олимпиаданың Аустралиядағы Брисбен қаласында өтетінін хабарлайды», - деді ХОК басшысы Томас Бах.

Ойынға қатысу өтінішін Аустралия Олимпиада комитетінің президенті және ХОК вице-президенті Джон Коутс ұсынған.

Ойындар 2032 жылы 23 шілдеде басталмақ.

ХОК-тың Атқару комитеті бірауыздан Брисбен қаласын 2032 жылдың маусымында қабылдаушы тарап ретінде ұсынды. Осы жылдың ақпан айында ХОК бұл қаланың Ойындарды өткізуге қолайлы жер екенін айтқан.

Квинсленд премьер-министрі Анастейша Палащук пен Брисбен мэрі Адриан Шриннердің басшылығымен аустралиялық делегация ХОК сессиясының мүшелеріне өз қалаларының артықшылықтары туралы айтып берді. Аустралияның премьер-министрі Скотт Моррисон Жапонияға келе алмады. Өйткені ол Лондондағы G7 саммитіне барып келгеннен кейін екі апталық карантиннен өтуде.

Премьер-министр сессияға бейнебайланыс арқылы қосылды.

«Аустралия мен Квинсленд үкіметі ойындарға дайындық кезінде жүзеге асатын инфрақұрылымдық жобаларды толығымен қаржыландырады», - деді ол.

2,2 млн халқы бар Брисбен – Аустралияның аумағы бойынша үшінші ірі қаласы және Квинсленд штатының астанасы. Ол елдің ЖІӨ-нің 9%-ын құрайды.

Ал 2024 және 2028 жылғы Жазғы Ойындар Париж және Лос-Анджелес қалаларында өтпек.


Басты сөздер: Әлем, Олимпиада, Спорт,
Жоғары қарай