Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

2026 жылы Қазақстанда заманға сай 19 медициналық орталық ашылады

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 11:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Президентінің төрағалығымен өтіп жатқан Министрлер кабинетінің кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин Қазақстанда 2026 жылы заманға сай 19 жаңа медициналық орталық ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, медициналық кешендердің алғашқы екеуінің құрылысы басталып кеткен.

«Білім мен медицина саласына ерекше көңіл бөлінеді. 2026 жылға қарай 1,2 трлн теңгелік жеке инвестицияны тарту арқылы заманға сай ірі 19 жаңа медициналық орталық ашылады. Биылдың өзінде Түркістан мен СҚО-да осындай кешеннің құрылысы басталады», - деді Асқар Мамин.


Жоғары қарай