Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2025 жылға дейін кемінде 20 заманауи аурухана салынады – вице-премьер

2021 жылдың 27 қазан 2021 17:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен «Medtech» медициналық техника жөніндегі бірінші халықаралық форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрілік препараттарды әзірлейтін, өндіретін жетекші отандық және шетелдік фармацевтикалық компаниялар қатысқан форум «Astana Zdorovie-2021» 17-ші қазақстандық халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылды.







Е. Тоғжанов пандемия кезеңінде аталған форумды өткізудің өзектілігін атап өтті: «Пандемия елді вакциналармен, дәрілік заттармен ғана емес, медициналық жабдықтармен де қамтамасыз ету қажеттігін көрсетті. Қазақстанда біз мұны басым бағыт ретінде белгіледік. Біздің үлкен әлеуетіміз бен мүмкіндіктеріміз бар».





Вице-премьер Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет Қазақстанның фармацевтика саласын дамыту жөніндегі арнайы кешенді жоспар қабылдағанын, оны іске асыру 2025 жылға қарай отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының үлесін 50% дейін арттыруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
Е. Тоғжанов денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын одан әрі дамыту туралы айта келе, 2025 жылға дейін кемінде 20 заманауи аурухана, 3 онкологиялық орталық, 12 зертхана, медициналық бұйымдарды зертханалық және техникалық сынақтан өткізуге арналған орталық салу жоспарланғанын жеткізді. Оларды медициналық жабдықпен жарақтау кезінде отандық өндірушілерге басымдық берілетін болады.








Сондай-ақ вице-премьер көрмеге қатысушылардың павильондарын аралап, фармкомпаниялар өкілдері мен медициналық техника өндірушілеріне жемісті жұмыс тіледі.















Жоғары қарай