Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2025 жылға дейін 30 медициналық зауыт салынады - министр

2021 жылдың 15 қазан 2021 17:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрілгі 2025 жылға дейін дәрі-дәрмек пен медициналық ұйым шығаратын 30 зауыт салуды жоспарлап отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде «Салауатты ұлт» әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын таныстырған ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлтық жобаның үшінші бағытында Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмалары ескерілген. Қолданыстағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ішінде отандық өндірістің үлесін 50% дейін ұлғайту жоспарланып отыр», - деді министр.
Сондай-ақ, ведомство басшысы мемлекеттік сатып алу арқылы алынатын медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектің 50% отандық өндірістен қамту көзделгенін атады.
«Халықаралық стандарттарға сәйкес аккредиттелген зертханалар мен орталықтардың үлесі 100% жеткізіледі. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару бойынша кемінде 30 жаңа өндірісті іске қосу жоспарланған», - деді Алексей Цой.

Жоғары қарай