Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

2021 жылы білім беру бөлімдері өңірлік басқаруға беріледі

2020 жылдың 4 маусым 2020 13:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылы қалалық және аудандық білім беру бөлімдері өңірлік басқару құзырына беріледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесінде елеулі өзгерістер жүріп жатыр - Мемлекет басшысының Тамыз конференциясында берген тапсырмасымен білім беру жүйесін басқару үлгісін жаңғыртып жатырмыз. 2021 жылдан бастап, барлық қалалық және аудандық білім беру бөлімдері облыстық басқару құзырына беріледі. Біз өте ауқымды жұмыстарды атқарып келеміз және 2021 жылы бұл жүйе жұмыс істей бастайды деп ойлаймын», - деді министр Фейсбук желісінде халық алдында есеп беру барысында.

Оның айтуынша, мектеп директорларын ротациялау институты да енгізіліп жатыр.

«Директорларды тағайындаудың жаңа жүйесіне тиісті өзгертулерді әзірледік және заңнамаға аудандар мен қалалардың білім беру бөлімдерінің басшыларын тағайындау мен жұмыстан шығару бойынша ҚР БҒМ-мен келісу нормасы енгізілді», - деді А. Аймағамбетов.


Жоғары қарай