Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

2020 жылы қандай авиамаршруттар субсидияланады

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 21:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс қорытындысы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету және ішкі туризмді дамыту мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жыл сайын республикалық бюджет қаражатынан субсидияланатын авиамаршруттарға немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы шешімдеріне сәйкес конкурс өткізеді», делінген хабарламада.

2020 жылы субсидияланатын авиамаршруттарға байланысты 5 желтоқсанда 15 ішкі және 1 халықаралық әуе маршруты бойынша конкурс өткізілді. Халықаралық субсидияланатын рейсті орындау конкурсына «Эйр Астана» АҚ және «SCAT Airlines» АҚ, ішкі тасымалдарды жүзеге асыруға «Южное небо» әуе компаниясы» АҚ, «Qazaq Air» АҚ қатысты.

Конкурс нәтижелері бойынша «SCAT Airlines» АҚ келесі әуе бағыттарында жеңімпаз болып анықталды:

1) Өскемен - Қарағанды - Өскемен;

2) Петропавл-Шымкент-Петропавл;

3) Нұр-Сұлтан - Үшарал - Нұр-Сұлтан;

4) Алматы - Көкшетау - Алматы;

5) Алматы - Петропавл - Алматы;

6) Алматы - Үшарал - Алматы;

7) Алматы - Жезқазған - Алматы.

«Qazaq Air» АҚ келесі әуе бағыттары бойынша жеңімпаз атанды:

1) Нұр-Сұлтан - Петропавл - Нұр-Сұлтан;

2) Нұр-Сұлтан - Талдықорған - Нұр-Сұлтан;

2019 жылғы 13 желтоқсанда және 20 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) және Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының бюджетінен сәйкесінше келесі бағыттар бойынша субсидияланған әуе бағыттарына конкурс өткізу жоспарлануда:

1) Өскемен - Семей-Үржар - Семей-Өскемен;

2) Өскемен - Зайсан - Өскемен;

3) Талдықорған - Үшарал - Талдықорған.

Сондай-ақ, 19 желтоқсаныа қайта конкурс өткізу келесі бағыттар бойынша жоспарланған:

1) Нұр Сұлтан - Токио - Нұр Сұлтан;

2) Қарағанды - Қызылорда - Қарағанды;

3) Алматы - Балқаш - Алматы;

4) Нұр-Сұлтан - Үржар - Нұр-Сұлтан;

5) Көкшетау - Ақтау - Көкшетау;

6) Алматы - Үржар - Алматы;

7) Нұр-Сұлтан-Балқаш-Нұр-Сұлтан.

Жоғары қарай