Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2020 жылы елордада 7 млн-ға жуық мемқызмет көрсетілді

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 13:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек цифрлық жаңғырту бағытындағы 2020 жылғы нәтижелерді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы елорданы «Ақылды қалаға» айналдыруға бағытталған жобаларды іске асыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Мәселен, өткен жылы мемлекеттік қызметтердің 100 пайызы онлайн форматқа ауыстырылды, ал «iQala» орталығы тәулік бойы режимде 151 қызметті тікелей ұсынады», - деді Б. Қасымбек онлайн режимдегі брифингіде.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 159 мемлекеттік қызметті көрсетеді. 2020 жылы 7 млн-ға жуық қызмет көрсетілді, оның 6 млн-нан астамы - электронды түрде.

«Сондай-ақ әкімнің тапсырмасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанынан цифрландыру бойынша IT-кеңес құрылды, оның аясында халықтың тыныс-тіршілігін жақсарту үшін IT-шешімдер енгізілді», - деді басқарма басшысы.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі тұрғысынан 2020 жылы «Қауіпсіз қала» қанатқақты жобасы іске қосылды. Қазіргі кезде пилоттық жоба іске асырылу сатысында.

2020 жылы қаланың негізгі нәтижелерінің бірі – Нұр-Сұлтан қаласының интеллектуалды көлік жүйесі IDC халықаралық компаниясының нұсқасы бойынша Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдері арасында көшбасшы болғанын айта кеткен жөн.


Жоғары қарай