Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

2020 жылғы велоспорттан әлем чемпионаты жоспарланған мерзімде өтеді

2020 жылдың 28 маусым 2020 11:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Велоспорт-2020 әлем чемпионатының ұйымдастырушылары оның Швейцарияда 20-27 қыркүйек аралығында өтетінін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оlympic.kz порталына сілтеме жасап.

Әлем біріншілігі, жоспарланғандай, Эгле-Мартиньи маршруты бойынша өтеді. Қазіргі уақытта ешқандай кедергі жоқ.

Сонымен қатар, Швейцария чемпионатын ӘЧ-на дайындық ретінде бақылаймыз. Ол 22 тамызға жоспарланған және әлем біріншілігі өтетін жерде болады.

«Өңірдегі денсаулық жағдайы мен Швейцария Федералдық кеңесі, Во және Вале кантондары, Эгль мен Мартиньи коммундары қабылдаған шектеу шараларын бақылап, жарысқа дайындықты жалғастырдық. Әлемдегі жағдайға байланысты мұқият болу керек, бірақ Швейцария чемпионатын ұйымдастырушылар әлем чемпионаты кезінде де біздің тәсілдерімізді бағалап, тәртіпті бақылауда ұстауға көмектеседі», - деді ӘЧ-2020 ұйымдастыру комитетінің президенттері Грегори Дево мен Александр Дебон.


Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай