Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2020 жылдың 2-тоқсанында еліміздегі жұмыссыздық 10,8 пайызға жетті

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 11:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 2-тоқсанында еліміздегі жұмыссыздық 10,8 пайызға жетті. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы дағдарыс еңбек нарығында басым түрде жұмыс уақытының қысқаруы мен халық табысының азаюына әсер етті. Ресми статистика бойынша 2-тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін артты. Дегенмен, уақытша жұмыспен қамтылмаған адамдар санының ұлғаюын ескерсек, ол қосымша 536 мың адам, яғни белсенді жұмыспен қамтудан тыс қалған адамдардың үлесі 10,8 пайызды құрайды. Мұны шынайы жұмыссыздық десек те болады», - деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, жұмыс уақытын пайдалану көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. Аптасына 36 сағаттан артық жұмыс істейтін адамдар саны 542 мыңға қысқарған.

«Жалпы алғанда дағдарыс кезінде халық табысының күрт төмендеуі орын алмады. Бірақ өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда едәуір төмендеді. Өз кезегінде халық табысының құрамында әлеуметтік трансферлер, яғни, әлеуметтік төлемдер үлесі өткен жылмен салыстырғанда 23 пайыздан 31 пайызға дейін артқанын көруге болады», - деді Біржан Нұрымбетов.


Жоғары қарай