Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

2020 жылдан бастап әйелдер қанша жаста зейнетке шығады

2019 жылдың 26 желтоқсан 2019 14:12

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнет жасы 59,5 жасқа дейін ұлғаяды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жылдың соңына дейін зейнетақы тағайындау үшін кімдер өтініш жазу керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры келе жатқан Жаңа жыл қарсаңында қордан зейнетақы төлемдері зейнет жасына толған азаматтарға (ерлерге - 63 жастан бастап, әйелдерге биыл 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін 59 жасқа толғанда) берілетінін тағы да еске салады. Бұл ретте әйелдердің зейнетке шығу жасы 2027 жылы 63 жасқа жеткенге дейін жыл сайын 6 айға ұзартылып отырады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 11-бабының 1 тармағына сәйкес зейнеткерлікке 59,5 жасқа толғанда шығады»,- деп хабарлады БЖЗҚ.

Егер әйел адам зейнет жасына биылғы 30-31 желтоқсанда толатын болса, онда оған 10 күн қалғанда, яғни 21-31 желтоқсан аралығында халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш беруі қажет. Егер қандай да бір себеппен келе алмаса, зейнетақыны рәсімдеу үшін тағы 6 ай күтуіне тура келеді.

Жоғары қарай