Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

2019 жылы табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандарға 77 млн теңге айыппұл салынды

2019 жылдың 28 қазан 2019 18:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі табиғатты қорғау бойынша тексеру нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылдың басынан бері комитеттің аумақтық бөлімшелері 7 421 рейд және 871 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 7 313 табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісі анықталған. Оның ішінде аңшылық бойынша – 745, орман тәртібін бұзу бойынша – 1 024, балық бойынша – 5 544 заңбұзушылық тіркелген. 5 921 адам әкімшілік жауапкершілікке, 48 адам – қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Асхат Қайнарбеков елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, заң бұзушыларға жалпы сомасы 77,7 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, оның 69,1 млн теңгесі өндірілген.

Еске сала кетсек, 25 қазанда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында браконьерді қуған қорықшы Әділ Кенжеғұлов мерт болды. Ол – жыл басынан бері табиғатты қорғауда қаза тапқан үшінші инспектор.

Сонымен бірге, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі табиғатты қорғау инспекторларының қару қолдану құзыретін өзгертуді және заманауи құралдармен жаңаша жабдықтауды ұсынып отыр.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Экология, ҚР АШМ,
Жоғары қарай