Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2016 жылғы Жер комиссиясының шешімдері әлі күнге толық орындалмаған

2021 жылдың 10 сәуір 2021 11:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жер реформасы жөніндегі 2016 жылғы комисияның қабылдаған шешімдері әлі орындалмаған немесе сапасыз орындалған. Комиссияның бүгінгі отырысында осындай мәселе айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссияның экономикалық мәселелер жөніндегі жұмыс тобын басқаратын Ақылбек Күрішбаев тиісті министрліктерден бұл жолғы комиссия отырыстарында қабылданатын шешімдерге мұқият қарауды сұрады.

«Комиссия мүшелерінің назарына экономикалық мәселелер жөніндегі жұмыс тобының отырысында талқыланған ұйымдастыру жұмыстарының проблемаларын жеткізгім келеді. Біріншіден, қазір біз қызу талқылап жатқан бірқатар сұрақ 2016 жылы жер реформасы жөніндегі алдыңғы комиссияның жұмысы шеңберінде қаралып, сол кездің өзінде тиісті шешімдер қабылданған болатын. Бірақ бүгінгі көріп отырғанымыздай, олар әлі орындалмаған немесе сапасыз орындалған деңгейде қалып отыр. Сондықтан мемлекеттік органдардың жер комиссиясы тарапынан берілетін ұсыныстарды бұл жолы қалай орындайтыны біздің қатты алаңдатады. Аталған мәселелерге осы жиналысқа қатысып отырған министрліктердің өкілдері назар аударуы қажет деп есептейміз. Егер біз бірнеше жылдан кейін қайтадан жаңа комиссия құрып, «баяғы жартас сол жартас» деп қайтадан осы сұрақтарға оралсақ, бүгінгі қабылданған шешімдердің қандай маңызы болмақ», - деді жұмыс комиссия мүшесі.

Аталмыш шарада Ақылбек Күрішбаев халыққа жайылымдық жер беруде бюрократия өте көп екенін айтқан болатын.

Осы аптада Мәжіліс жерді шетелдіктерге беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын мақұлдады.

Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин осы заң жобасының мақұлдануы туралы пікір білдіргенін жазған болатынбыз.


Жоғары қарай